» Материалы за 20.02.2017

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

Автор: admin от 20-02-2017, 04:39, посмотрело: 695

0
Кел жаңа жыл!

Ақшақар шығады, тақпақ айтады.
Ғазиза:
Армызсыздар, халайық!
Бармысыздархалайық!
Жаңажылдажұпжазбай,
Біргеқарсыалайық.
Балаларды мерекеге шақырады.Балалар кіреді, шыршаны айналып тұрады, би билейді.
Би: “Жаңажыл!”
Ән: «Жаңа жыл»
(балалар орындыққа отырады)
Жүргізуші: -Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін залдың ішіәдеміболыпкетіпті. Төрдежарқырағанойыншықтарменбезендірілгеншыршатұр. Бізқандаймерекегекелдік?
Балалар:- Жаңажылмерекесінекелдік!
Жүргізуші: -Иә, дұрыс айтасыңдар! Қаршақызбіздіжаңажылмерекесіне шақырды. ЕндіҚаршақызбенбіргеәншырқап, би билепмерекенітойлайық.
Жомарт:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайдықұсдеген
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңдытістеген.

Әлихан Ш.:
Қандайқызыққысдеген
Бәріншеберістеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояғанақтүспенен

Сезім:
Жапалақтапақшақар,
Жаудыкүндеқайталап,
Қырғашықтыбалалар,
Шаңғыларынарқалап.

Мирас:
Айналамдаұшыпжүр,
Ақмамыққарсебелеп,
Қалт-құлтеткенбейнебір
Ақ қанатты көбелек.
Баян:
Өстіп, мінеқыстүсті,
Бола қалды дала аппақ,
Қар лақтырып үсті –үсті,
Балаларжүрайқайлап.
Алдияр:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Алина:
Келді міне, Жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз,
Күліп, ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Жүргізуші: -Қарщақыз, қазір өзіңмен бірге “Қарша қыз бен балалар” әнін айтайық.
Ән: “Қаршақыз бен балалар”
(орындықтыңқасындатұрыпайтады)

Жүргізуші: Балалар, ендіАқшақарменойынойнайық.
(Қардыортағашашады)
Ойын: “Қар”
Қаршақыз:1.- Қыздар ойынға шығыңдар!
2.-Жігіттер, сендерді де ойынғашақырамын!
Жүргізуші:-Осы қардан не жасауғаболады?
Балалар:- Аққала
Жүргізуші: -Кәне, ендеше осы қарданаққалатұрғызайық.
(Қардыжинапаққалатұрғызады. Балаларотырады)

Жүргізуші:- Мінекреметқандайәдемі аққала! Жарайсыңдар!

(жарық өшеді. Аққалакіреді)
Аққала(Анар): -Сәлеметсіздерме, балалар! Қандайқуаныштымын, меніөзқолдарыңменқардантұрғыздыңдар. Алғысымшексіз!

Жүргізуші: -Ой, балалар, қараңдаршы! Аққаламызсиқырланып, жанбітіп, нағызАққалағаайналды. –Қош келдің, Аққала! Балаларсеніөтежақсы көреді. Өзіңеарнаптақпақтаржаттады.

Х. Әлихан:
АуылалдыАқшақар,
Ақшақардабалалар.
Кіп–кішкентайбопқана,
Соғыпжатыраққала.

Асылкеней:
Аппақкүміс бар әлем,
Зымырайдышанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамызаққала.

Артем:
Бұлшырша, шырша,
Қуаныш жалпыға
Сүйіктішырша
Жарқыра, жарқыра!

Элина:
Сұлушыршажанында,
Ән салайық жаңаша
Алақай, алақай!
Қолсоғайықбалақай!

Нұртілеуәлі:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.



Диана:
Жаңадан тақпақ,
Айтамыз жаттап,
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Аққала:-Рахмет балалар! Тақпақтарыңжақсыекенризамын! Енді мен сендердісолтүстік өңірден келген қонақтар пингивиндермен билеуге шақырамын.
Би: «Пингивиндер»
Аққала: (шыршаға қарап)-Балалар, мына шыршаның шамдары әлі жанбапты ғой. Шырша шамын кім жағуы мүмкін.
Балалар: -Аяз ата
Аққала: -Ендеше, Аяз атаны шақырайық!
Балалар: -Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Аяз ата: -Есік сыртынан) Естідім, естідім
Армысыздар ұлдарым,
Армысыздар қыздарым!
Асулармен алысқан,
Асу жолмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: -Аяз ата амансың ба? Біз сені сағынып күтіп отырмыз. Қош келдіңіз ортамызға.
Аққала:-Армысыз, Аяз ата! Аяз ата біз шырша шамдарын қалай жағуды білмей тұрмыз. Енді өзіңіз жағып беріңізші.
Аяз ата:-Жарайды жағайын! (таяғымен жағуға тырысады, жанбайды) Жан –жағына қарайды. –Қап, неге жанбайды? Ааа, таяғым су болып қалыпты ғой!(гномдарды көреді) –Оу, мұнда менің кішкентай көмекшілерім отыр екен ғой. Кәне, сендер көмектесіңдер.
(Шамдарды ортаға қою)
Би: «Гномдар»
Би аяқталғанда Гномдар шырша түбіне шамдарын қалдырып отырады. Шырша тағы жанбайды.
Аяз ата:-Шамдар әлі жанбайды ғой. (ойланады) Ә, таптым, таптым, балалар сиқырлы сөз айтайық.
Балалар:-Шырша, шырша жан (3рет қайталағанда жанады)
Аққала:-Міне, тамаша шыршаның шамдарын жағып айналамыз жарқырап кетті.
Жүргізуші: -Рахмет, Аяз ата! Енді балаларыңыхздың өзіңізге арнаған өнерларін тамашалаңыз.
Ән: «Аяз ата»
(шыршаны айнала) ән біткенде балалар отырмайды)
Аяз ата: -Мен жолдан шаршасам да, балалармен ойнаудан шаршамаймын. Менің таяғым өте суық. Кімнің қолы таяққа тисе, қолдарын тоңдырып тастайды. Балалар байқап көреміз бе?
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата бізбен ойнағысы келеді. Ойын «Қатырамын» деп аталады. Ойын шарты түсіндіріледі.
Ойын: «Қатырамын»
Аяз ата ойын ойнап шаршайды.
Аяз ата:-Ой, балалар, бәрің епті, әрі жылдам екенсіңдер. Таяқтың ұшы ешқайсысына тимеді. Уһ! Шаршамаймын деп едім, бірақ шаршап қалдым.
Жүргізуші: -Аяз ата отырыңыз. Дем алыңыз, қазір балалар өз өнерлерімен сіздің көңіліңізді көтереді, шаршағаныңызды басады. Кәне, балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

Жанель:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

Айлин:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!

Жандос:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.



Камила:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.

Әділ:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Вика:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Таир:
Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.

Ақниет:
Кел, балалар тақпақты ,
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.

Тамила:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Дархан:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Бексұлтан:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.

Коралина:
Аяз ата тыңдаңыз,
Тақпақ айтып берейік.
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге күлейік.

Адиа:
Біздің Аяз атада,
Дорба толы кәмпит бар,
Ал біздің тобымызда,
Шырша толы ойыншықтар.

Ева:
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған,
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.

Жүргізуші:- Кәне, көңілді шыршалар Аяз атаға билеріңді билеп беріңдерші.
(Қолдарына шашақтар таратып беру)
Би: «Шыршалар және Ақшақарлар»
Аяз ата: -Жарайсыңдар, шыршалар, рахмет сендерге!
Жүргізуші:- Ал, кәне балалар ортаға шығып «Ақшақарлар» әнін айтайық.
Ән: «Ақшақарлар»
Аяз ата:-Ән тыңдадық,
Шын көңілмен қуандық,
Мерекені бітірейік,
Қайдасың қызым кетелік.
Ж.ргізуші:-Аяз ата, ал мына балаларыңызға сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата:-Қап, асығып жүріп орманда қалдырып кетіппін.
Аққала:-Ата мен барып алып келейін. (Аққала шығып кетеді, осы кезде мешокпен сыйлықтар шығып жүгіреді, артынан балапан қуып шығады)
Балапан: -Ұстаңдар, көмектесіңдер!
Тауықтар шығып барлығы мешокты ұстауға тырысады.
Би: «Көңілді балапандар»
Аяз ата:- Рахмет қарақтарым! Міне, балаларым, Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл елімізге құт, береке әкелсін! Дендерің сау, бақытты болыңдар!
Жүргізуші:- Құрметті қонақтар кіріп келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, шаттық, молшылық тілейміз. Ал мына сыйлық толы қапты өзімізбен бірге топқа алып кетеміз.


Категория: Утренники

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

Автор: admin от 20-02-2017, 04:26, посмотрело: 289

0
Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы
Бірінші санатты Әдіскер - тәрбиеші


Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы


Біліктілік ұстанымы: Өз білімдерін үнемі толықтыру
және жетілдіру, уақытқа,
тұратын жеріне сай болу

Эссе:"Менің мамандығым ең жақсы”
1. А.Ж.Ә.: Заманбекова Л. М.
2. Туған күні, айы, жылы: 02.10.1968ж.
3. Білімі: педагогикалық жоғары
4. Жұмыс орны: МКҚК № 47 бала бақша
5. Қызметі: Бірінші санатты әдіскер- тәрбиеші
6. Педагогикалық еңбек стажы: 13 жыл

Педагогтың үш басты қасиеті:қайырымдылық, шыдамдылық және жауапкершілік.
Мен өз мамандығымды жүрегімнің үнімен таңдап алдым.Бала бақшада тәрбиеші болып жүргеніме биыл 13 жыл толады екен. Осы жылдарда өз мамандығымды таңдағаныма өкініш болып көрмепті. Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешулі тұлға болып саналады.Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда.Әрбір ұстаз мамандығы жүрегінің қалауы бойынша таңдау керек. Өйткені әр адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Өз мамандығын жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқарғанда ғана бақытты болады. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Бұд жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп жұмыстан ләззәт алады. Өзімді әр оқу іс – әрекеті үстінде бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Өз мамандығын сүйетін патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең ойлы болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он саусағынан өнері тамған өнерлі болу керек. Шыныменде тәрбиеші болу қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осындай қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегіне жол табу үлкен бақыт.
Бүгінгі оқу іс – әрекетті өткізген соң, ертеңгі оқу іс – әрекетіне жаңаша идея, тың ой, өзгеше әдіс – тәсілмен келу керек. Мен тәрбиеші ретінде балаларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт – санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. «Ұстаз өз баласынан бұрын, өзгенің баласы үшін жаратылған жан» - деп бекер айтылмаса керек.
 
Жетістіктерім:
 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 

Заманбекова Ләйлә Мәуітбек қызы

 



Категория: Преподaватели

 

Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық Тақырыбы:«Қыс қызығы»

Автор: admin от 20-02-2017, 04:00, посмотрело: 664

2
«Қыс қызықтары»

Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық  Тақырыбы:«Қыс қызығы»
Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық  Тақырыбы:«Қыс қызығы»
Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық  Тақырыбы:«Қыс қызығы»
Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық  Тақырыбы:«Қыс қызығы»



Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты:балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көзжеткізу. Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға деген балалардың қызығушылығын тудыру.

Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар, қарлар, шелек,
Ойын - сауық барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.

Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).
Қыс мезгіліне арналған балалардың тақпақтары:

1-бала:
Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.

2-бала:
Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.

3-бала:
Даладақарборайды,
Ақмамыққаорайды.
Мұзболады - қатады,
Жып - жылтырбопжатады.
Аралайдыбақшаны,
Үзілмейдіжақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсыжаусынақшақар.

Сол кезде Қыс шығады.
Қыс: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)

Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?


І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
ІІ. 2 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.
ІІІ. 3-ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр».
Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
ІV 4-ші ойын: «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып,кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)

Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік.
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!

Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті.Әділқазы мүшелеріне сөз береміз. Диплом тапсыру.


Категория: Мероприятия и праздники

 

Ата-анаға кеңес: «Кіші фольклордың түрлері туралы жатқа білесіз бе?»

Автор: admin от 20-02-2017, 03:56, посмотрело: 451

0
“Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі” деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен суындату арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.

Этнопедагогика жалпы педагогиканың бір саласы. Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасы үлкен жетістікке жетіп, ғылыми зерттеу объектісінің тұрақты екендігін дәлелдеді. Этнопедагогикасының әрбір саласы дүниені тану, оның пайда болуын білуге ұмтылу, адамның өмірдегі алатын орнына үңілу, табиғат пен қоғамның негізгі сырларын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау, сияқты дүниетанымның негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан дүниетанымның негізі де осы жаста қаланады.
Бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, “Бiлiм туралы” Занңына және “Бiлiм” мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң Ұлттық үлгiсiн дамытуға жағдай жасау жөнiндегi жұмыстар жүзеге асырылуда.
Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар фольклорының, салт-дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.
Этнопедагогика бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кестесі беріліп, оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдану ұсынылып отыр.
Қазақ балалар фольклоры.
Балалар поэзиясы: Маусымдық жырлар жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдер. Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік берген кезде қолданылады. Арнау-тілек өлеңдер көбінесе табиғат құбылыстарына негізделіп айтылады. Балалар бұл өлеңдерді жатқа айтып, аспандағы айға, бұлт арасында жасырынған күнге, бұлтқа, сіркіреп жауған жаңбырға, жәндіктердің інін көргенде т.б. арнап айтады. Көбінесе серуен кезінде қолданылады.
Сұрамақтар диалог түрде құрылып келеді, жаттауға жеңіл, көлемі шағын.
Қызықтамалар сюжеті жағынан ертегілерге ұқсас болып келеді. Балаларға қаз қалпында мазмұны түсіндіріледі. Кейіптендіруге де ыңғайлы “Түйе, түйе, түйелер”, “Түлкі, түлкі, түлкішек”
Өтірік өлеңдер шындық пен өтірікті ажырата білуге көмектеседі, тілін дамытады. Осы жастағы балаларға арналған өтірік өлеңдердің құрылысы қарапайым, көбінде төрт жолдан тұратын, көбінде қара өлең үлгісі сияқты қысқа шумақтардан құрылады. Өтірік өлеңмен сипатталатын заттар, жан-жануарлар балаларға таныс болып келеді.
Ойындық фольклор: Тәжікелесулер балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін, сөз өнеріне деген қызығушылығын тудыру үшін пайдаланылады. Көбінесе тәжіке- сауалдар, тәжіке-жұмбақтар жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер, алдамшы тәжікелесулер тіл дамыту сабақтарында, ойын кезінде қолданылады. Бала тәжікелесу арқылы әзіл, қалжынды түсінеді.
Ойынға шақыру жырлары – ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде, балаларды екі немесе одан да көп топтарға бөлуге қолданылады. Сондай-ақ қаламақтардың құрылымы екі егіз жолдан құрылып келетіндіктен балаларды шағын топтарға бөлу кезінде қолдануға өте ыңғайлы. Қаламақта екі нәрсені (затты) тануды ұсынады. Бала өзіне таныс затты тандайды. Тәрбиеші балаларға алдын ала қаламақта қолданылатын сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Санамақтарды халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері өте көп.
Мақал – мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс –тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі, ұрпаққа қалдырған өсиет. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Мақал – мәлелдер оқу тәрбие үрдісінің барлық түрлерінде жұмыс мазмұнына қарай қолданылады. Отан, ел, қоғам туралы, халық туралы, дене мүшелері , адамгершілік туралы, жанұя, туыс, ата-ана туралы, өнер-білім туралы, табиғат, денсаулық туралы мақал-мәтелдер қолданылады.
Жұмбақтар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде балалардың таным – түсініктерін кеңейтеді. Алғашында балалар өздерінің таным түсінігіне лайықты жұмбақтарды шешсе, біртіндеп өз ойларынан жұмбақ құрастырып, өзгелерге шешуді ұсынады.
Жаңылтпаштар көбінесе тіл дамыту сабақтарында баланың дүниетанымын жетілдіру, тілін ширақтыру мақсатында пайдаланылады. Жаңылтпаштардың бірнеше түрлері бар: санамақ жаңылтпаштар, жұмбақ жаңылтпаштар т.б.
Балалар айтысы. мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе үлкендер шығарып берген айтыс үлгілері ұсынылады. Көбінде қыз бала мен ер бала арасындағы айтыс, жан-жануарлар арасында немесе жануарлар мен баланың тілдесуі сияқты айтыс үлгілері пайдаланылады.
Қазақ ертегілері. Қазақ ертегілерінен халқымыздың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі анық көрініс береді және қазақ ертегілері мазмұны жағынан әсерлі, көркем образдарға, фантазияға бай болып келеді, балаларды қуанышқа бөлейді. Сонымен бірге тәрбиелік ықпалы да жоғары. Балаларға арналған қазақ халық ертегілері – баланың ойына қозғау салып, ақыл-ой қызметінің ерте оянып, ерте қалыптасуына септігін тигізеді. Тұрмыс-салт ертегілері арқылы халқымыздың тұрмыс тіршілігімен танысады. “Ер Төстік”, “Қаңбақ шал”, “Хан мен уәзір”, “Екі жетім”т.б. Хайуанаттар туралы ертегілер арқылы жан-жануарлар жайында түсініктер алады. “Арыстан мен тышқан”, “Бес ешкі”, “Қойшы мен аю” т.б. Қиял-ғажайып ертегілері “Үш дәу“, “Алпамыс”, “Ұр тоқпақ”, “Алтын сақа” арқылы қиялы дамиды. Күлдіргі ертегілерге Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы аңыз әңгімелер жатады.
Қазақ балалар фольклорын қолдануға ыңғайлы жағы қарастырылып, ұсынылып отыр.
Салт – дәстүрлер.
1. Балалар тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Сәбидің дүниеге келуін халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра отырып, ойын түрінде ұйымдастыру, бала бойына ұлттық сананы қалыптастырады.
Сәби дүниеге келді. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш әкелетіндігі ойын арқылы көрсетіледі. Сүйінші сұрау балаларға түсіндіріледі.
Сәбидің шілдеханасы. Жас сәбидің дүниеге келген құрметіне арнап, ойын-сауық ұйымдастырылады. Мұнда балалар ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді.
Сәбиге ат қою. Баланың әжесіне, атасына немересінің атын қойғызады.
Бесікке бөлеу. Балаларды бесікпен және оның жабдықтарымен таныстырады. Бесікті аластауды, баланы бөлеуді балаларға көрсете отырып, баланы бесікке бөлеудің пайдасын түсіндіреді.
Бесік жырын айту. Бесік жырын айтудың мәнісі түсіндіріледі. Балалар шағын бесік жырларын жаттап, өздері айтады.
Қырқынан шығару. Халқымыздың баланы қырқынан шығару салтымен таныстырады.
Тұсау кесу. Балаларды тұсау кесу дәстүрімен де таныстырамыз. Тұсау кесуде “Қаз, қаз, қаз”, “Қаз, қаз, балам” жырларын балалар жаттап, бәрі қосылып айтуды үйренеді.
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Бұл той жаз айларында болатынын ескере отырып, атқа мінгізу тойының дәстүрі көрсетіледі.
Жеті атасын білу. Балаларға жеті атасын кімдер екенін түсіндіре отырып, жатқа айтуды үйретеді.
Сүндетке отырғызу. Баланы сүндетке отырғызу туралы ата-аналарға мағлұмат беріледі.
Тілашар тойы. Балаларды мектепке шығарып салу тойы – тілашар тойы тұрғысында өткізіледі. Барлық балабақша кызметкерлері, барлық ата-аналар, балалар қатысады. Қариялар мектеп табалдырығын аттайын деп отырған балаларға бата береді.
Өнер
Бағдарлама бойынша осы жастағы балаларды халқымыздың ежелден келе жатқан өнер туындылары мен де таныстыра кету жөн.
1. Қол өнері. Бейнелеу өнері қол еңбегі сабақтарында он қолынан өнер тамған адамдарды “кім?” деп атайтындығын және осы ағаш шебері ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек тоқушы, тігіншілердің еңбектерімен танысады.
2. Саз өнері. Ән-күй сабағында халық әндерінің би өнері мен күй өнерінің, терме жырларының, ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен балаларды таныстыра отырып, “Дәурен-ай”, “Құралай”, “Бипыл”, “Үкілім-ай”, “Бір бала”, “Елім-ай” әндерін тындайды кейбір әндерді балалар нақышына келтіре орындауды үйренеді. Атақты күйшілеріміз Құрманғазы, Дина, Нұрқиса, Сакен, Кеңес аталарымыздың күйлерімен таныстыра отырып, күйді тындай білуге үйренеді: “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Ата толғауы”, “Адай”, “Көңіл толқыны” т.б. Сонымен қатар терме, жыр туралы түсінік беріледі. Балалар “Алпамыс батыр” жыры, “Қобыланды жырынан” үзінділер тындайды. Ұлттық аспаптармен таныстыруда үрлеп ойнайтын ұлттық аспаптарды, ұрып ойнайтын ұлттық аспаптарды, шертіп ойнайтын ұлттық аспаптардың аттарын атап, ажырата білуді үйренеді.

Категория: Родителям

 

"Балық" жобасы". Ортаңғы қазақ тобы

Автор: admin от 20-02-2017, 03:50, посмотрело: 464

1
Балықтардың тарихы туралы кітаппен танысу.

Топ балаларымен бірге Балықтар туралы суретті кітаппен таныстық. Балалардың қызығушылығы кітаптың әрбір беттерін ашқан сайын түрлі –түсті иллюстрациялық картиналарды көргенде арта түсті. Ата –аналар үйге берілген тапсырманы да өз деңгейінде орындады, балаларымен бірге кітап дүкендеріне барып, менің алғашқы энциклопедиям атты кітап арқылы балықтардың түрлерімен танысты. Топта күнделікті бос уақыттарында балықтар туралы әр түрлі кітаптар мен суреттер қарастырды.
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы


Қаңтар айы
Балықтар туралы «Балық пен балықшы» , «Шортан балық» туралы ертегілермен таныстырылды.
Ертегіні балалар зор ықыласпен тыңдады. Ертегіні оқып шыққаннан кейін, өз түсініктерін айтып беруге тырысты. Қайталап аудиозапись арқылы тыңдатылды. Ертегі кейіпкерлері балаларға қатты әсер қалдырды. Ертегіден кейін магнитті балықтарды өз қолдарымен ұстап көріп, олардың құрлысымен танысты.

"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы


Демалыстағы қызықтар.
Ата –аналар жоспар бойынша балаларымен демалыс күндері Алматыдағы зообаққа, Мега орталығындағы аквариум балықтарына барып танысып қайтты. Балалардың қуанышында шек жоқ, олар өздеріне көптеген балықтар туралы мәліметтер жинап қайтқандарына разы. Судың ішінде балықтардың биологиялық тепе –теңдігін қалай сақтайтындарын көздерін жеткізді. Топқа келгеннен кейін өз көргендерін басқа балалармен бөлісті.

"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы

“Балықтарды құрастырайық”

Балалар топта балықтар жайлы пазлдар жинап үйренді. Бұл оларға қатты ұнап қызығушылықтарын тудырды. Пазлдар жинау арқылы өздерінің танымдық дамуларына үлкен әсер етті. Сондай –ақ трафераттарды бастыру арқылы да балықтардың суретін алуға болатынын көрді. Боямақ кітаптарды пайдаланып балықтарды түрлі –түсті түстерге бояп, өз қиялдарын одан әрі дамыта білді.

"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы


«Суасты әлемі»

«Суасты әлемі» атты видиофильм көрсетілді. Фильмді көргендегі балалардың қуаныштары орасан зор болды. Фильм арқылы балалар теңіздерде, мұхиттарда, өзен –көлдерде мекен ететін балықтардың түрлерімен таныс болды. Олардың жыртқыш түрлерінің көп екенін көрді. Балықтардан басқа суастын мекен ететін медуза, жұлдызша, суаттарын көру мүмкіндігіне ие болды. Фильмнен алған әсерлерімен кешкілікте ата –аналарымен бөлісті.

"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы

Бос уақытта.

Балықтар туралы боямақтарды бояу арқылы балалардың балық туралы білімдерін одан әрі бекітеміз. Ата –аналардың қатысуымен көптеген балық туралы бояу кітаптар әкелінді. Ата –аналар біздің жобаға зор ықыласпен бір кісідей қолдап, қатысып отырды. Балаларға балықтардың түстерін таңдауда видеофильмдер мен ата –аналарымен бірге аквариум балықтарына көрмеге барғандары көп көмектесті


"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы
"Балық" жобасы".  Ортаңғы қазақ тобы


Категория: Работы детей

 

Ортаңғы топтағы ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 20-02-2017, 03:34, посмотрело: 1465

2
Ата –аналар жиналысы: «Егер Сіз сыпайы болсаңыз»

Мақсаты:
• Ата –аналарға бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарға көмектесу.
• Сыпайгершілік туралы тақырыпты талқылау.
• Бір –бірімен келіспей қалатын сәттерді бейбітшілік жолмен шешуді қарастыру.
• Балаларға келіспеушілік мәселерінен үлгілер көрсету.
• Балалары төбелеспейтін отбасыларынан тәжрибелер қарастыру.
1.Кіріспе бөлім
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Егер Сіз сыпайы болсаңыз» атты жиналысымызға қош келдіңіздер!
Біз бүгін сіздермен сыпайылық туралы сөйлесеміз. Алдымен бұл туралы балаларымыз не ойлайды екен, тыңдайық.
Аудиозаписьтен балалардың жауаптары естіледі.
-Қандай сыпайылық туралы сөздер білесіңдер?
-Сен оны қайдан білдің?
-Бұл сөздердің қажеті қандай?
-Бұл өздерсіз –ақ жүруге болады ма?
Балалардың сыпайылық туралы тақпақтары:
Музыка естіледі
-Сәлеметсіздер ме,
Артық бір –бірімізге ештеңе айтқан жоқпыз ғой? Жай ғана «сәлеметсіз бе». Әлемге күн сәулесінің тамшылары қайдан жайылды? Әлемге бақыт тамшылары қалай жайылды? Қалай қуаныш тамшысы өмірімізді жақсартты?
Біз үлкендер білеміз: «Сыпайылық сөздердің жылулық пен күн сәулесінің жайлылығын сезінсек сиқырлы болатынын білеміз». Ал балаларымызға сыйқырлы сөздерді жай айтқызып қана қоймай, оған бір ерекше мән бере, өңімізге күлкі үйіріле отырып, айтуды қалай үйретуге болады? Бала тәрбиесін отбасында ерекше сыпайылықпен , мейіріммен, асқан шыдамдылықпен және аялаумен бастау керек деп ойлаймын. Бұған қоса баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ойындар, қиял –ғажайып ертегілерді оқып беріп, өз шығармашылығын дамыта отыру керек. Психологтар балаға 3-тен 7 –жасқа дейінгі аралықта ойын мен ертегі мейірімді көмекшісі болып табылады деп есептейді. Кей кездерде бала бөлмесіне құпия болып мейірімді сиқырлы алжапқышымен кіріп тұрсын. Бала келесі жолы сыйқырлы қолшатыр тауып алсын, астынан жіберген қателігін көрсеткен парақша тауып алсын. Күнделікті қабырғаға бетперде іліп қоюға болады, егер балаңыз өзін жақсы ұстаса, көңілді петперде, ал егер жаман қылықтар көрсетсе көңілсіз петпердені ілуге болады.
Тәрбиеші ата-аналарға сұрақ қояды:
-Қалай ойлайсыздар, сіздерше, жақсы мінез –құлыққа тәрбиелеудің ең бастысы не?
-Бала мәдениетті болудың жолдарына жаттығу керек пе?
-Қандай жолмен?
Қазір мен сіздерге «Сыпайы қоңырау» ойынын ойнауды ұсынамын.
Қоңырауды сіздердің орталарыңыда сылдырлатып ұстап жүремін, кімнің қолына бергенде қоңырау тоқтайды сол кісі бір сыпайы сөз айтады, бір –бірімізді қайталамауымыз керек.
2. Енді ата-аналармен балалар бірігіп ойын ойнаймыз. «Раушан» тобы. Балалар вагондардан орын алыңдар. (ата-аналар вагон, балалар жолаушылар болады)
Тәрбиеші: Аялдама, біз алаңқайға келдік пойызымыз ары қарай жүре алмайды, алдымызда балалар.
-Біздің балаларымызбен не болды екен?
-Кім кімді бірінші болып ренжітті?
-Ол мені
-Жоқ ол мені
-Кім кімді бірінші болып ұрды?
-Ол мені
-Жоқ, ол мені
-Сендер бұрын дос едіңдер ғой!
-мен дос болғанмын
-мен де дос болғанмын
-енді не болып қалды?
-мен ұмытып қалдым
-мен де ұмыттым.
Тәрбиеші: Қыздар ойыншық үшін ұрысып қалды. Не істеуге болады? Балалар достасуды ұсынады.
(балалар білсе бірнеше достасу сөздерін айтуға болады)
«Раушан» тобының ата –аналары қалада қыдырып жүр, бір –бірімен денелерінің бөлшектерімен амандасады. Кәне, жаттығып көрейік. Музыка ойналады, ал біз еркін қыдырамыз. Қол шапалақтаған кезде бір –бірімізбен амандасамыз.
Балалар мен ата-аналар алаңда қыдырады, шапалақ дауысын естігенде бір –бірімен амандасады:
-көзбен
-иықпен
-арқамен
-аяқ қағысып
-қолмен
-Міне, бір –бірімізбен амандасып алдық барлығымыздың да көңіл –күйіміз көтеріліп қалды деп ойлаймын.
-Тоқтаймыз алдымызда кептеліс. Орындықта екі бала далаға шығуға киініп отыр, (ата –анасы киініп алған) орындықты бөлісе алмай отыр, бірін –бірі итеріп, төбелесіп отыр.
Ойын: мен дұрысын айтқанда сендер қол шапалақтайсыңдар, ал егер дұрыс болмаса аяқтарыңмен тарсалдатасыңдар
-Бір –біріне орындықтан орын бермеді
-иықтарымен қағысты
-ары отыруын сұрау.
-орындық үстінен киімдерін алуын
-бір- бірін итермеуге, тимеуге келісу
Кәне ең жақсы досымызбен құшақтасайық. Балалар топқа кетеді.
-Уақыт деген тез өтеді оларда өседі, әлі ақ сіздерге өз балаларының тәрбиесі жөнінде сіздерден көмек сұрап келеді.
Мәдениетке баға жетпейді, одан келіп адамгершілігіз туындайды. «Тәрбиесіз , білімсіз, оқымаған адам – адамдарың өліміне әкеп тірейтін -мотры бұзылған ұшақты көкке ұшырып жібергенмен бірдей»
Қорыта келгенде үлкендерге мына біздерге алла тағалам балаларымызды мәдениетіміздің биік шыңына көтеру үшін шыдамдылық, махаббат, ішкі жан дүниемізді байыта түсейік.

Ата –аналарға «Сыпайы бала тәрбиелеудің құпиясы» атты жадынама таратылып беріледі.




ПАМЯТКА ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ
«Секреты воспитания вежливого ребенка»
Ваш ребенок будет вежлив и воспитан, если Вы, уважаемые родители будете соблюдать следующие правила:
• Ведите себя деликатно по отношению к окружающим и в том числе к своим детям.
• Никогда не оскорбляйте человеческого достоинства сына или дочери, не кричите на ребенка не говорите при нем грубые слова ни в коем случае не принимайте в качестве воспитательной меры физические наказания.
• Не делайте бесконечных замечаний по пустяковым поводам, где это возможно, поощряйте самостоятельность ребенка
• Предъявляйте к детям единые требования. Если кто-то из взрослых не согласен с замечаниями другого, то осуждайте это в отсутствии ребенка.
• Уважайте достоинство маленького человека, исключив в речи выражения: « Ты еще мал»,
• « Тебе еще рано».
• Не забывайте говорить ребенку: « Доброе утро!», « Спокойной ночи», « Благодарю за помощь».
• Правила культурного поведения прививайте детям систематически, а не от случая к случаю.

Ата –аналарүшінжадынама
“Сыпайы бала тәрбиелеудің сыры”
Сіздің балаңыз сыпайы және тәрбиелі болады, егер сіз құрметті ата-ана келесі ережелерді сақтасаңыз:
• Өзіңізді қоршаған ортада, оның ішінде балаңыздың алдында өзіңізді әдепті ұстаңыз.
• Ұлыңыздыңнемесеқызыңыздыңадамдыққасиеттерінешқашантөмендетпеңіз, балаңызғаайқайламаңыздөрекісөздерайтпаңыз, тәрбиелеумақсатындаұрып-соғужазалаудыойыңызға да алмаңыз.
• Ұсақ–түйекке бола ескертужасайбермеңіз, мүмкіноныңорнынабаланыңеркіндігінмадақтаукерекшығар.
• Балағабірыңғайталапқойыңыз. Егер үлкендердің бірі ескертулерге қарсы болса, онда мәселені баланың қасынан басқа жерлерде шешуге тырысыңыз.
• Кішкентай адамның абыройын құрметтеңіз, «сен әлі кішкентайсың» деген ескертпені сөздік қордан алып тастаңыз.
• «Саған әлі ерте».
• Балаға «Қайырлы таң!», «Қайырлы түн!», «Көмегіңе рахмет!» деген сөздерді айтуды ұмытпаңыз.
• Мінез-құлық мәдениетіндегі ережелерді балаларға анда-санда қолданбай күнделікті пайдалануға тырысыңыз.






Категория: Мероприятия и праздники