Жаңа жыл келді 2016 » ГККП Ясли сад № 47
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » Жаңа жыл келді 2016
18
январь
2016

Жаңа жыл келді 2016

Тақырыбы: “Жаңа жылдарыңызбен”

(Мектепке даярлық тобының Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігінің сценарийі.)


Өткізген тәрбиеші: Заманбекова Л.М.

«Жаңа жылыңызбен!»
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін анықтауға, көргендерін дұрыс баяндауға, көркемдік талғамын, ой қиялын дамыту, табиғатты қорғап, сүюге тәрбиелеу.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Миссис Жаңа жыл, Сауысқан, Қарға, Кәмпит, Баламишка.
Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Менің атым, Миссис Жаңа жыл! Мен сіздерге кішкентай достарымды таныстырғым келіп тұр! (музыка ойналады, ұлдар шығады) Қайратты, ақылды, күшті, болашақ жігіттерді, олар менің кішкентай достарымды қарсы алыңыздар!(бірнеше костюмдерді атау керек) Біздің кішкентай ханшайымдарымызды қарсы алыңыздар! Пай, пай!пай! мына ғажапқа қараңыздаршы! Тура бір сыйқырлы әлемде тұрғандаймын! (бірнеше костюмдерді атау керек!) Мінекей, біздің ертеңгілігіміз осылай басталуда, бірақ менің достарым кешігіп жатыр(біреуге телефон соғады) Алло! Баламишка! Қайдасыңдар! Барлық достарымыз қайда! Аяз ата, Ақшақар, Кәмпит?
Баламишка: Біз сыйлықтарымызды дайындап шығып келеміз. Сендер Миссис Жаңа жыл балалармен ойнай тұр, ысқырығыңды естіп, боранның басталғанын көрсең біздің келгенімізді білесің(үнтаспада жазылған)
Жаңа жыл: Жарайды, Баламишка біз сендерді тағаттана күтіп отырмыз. Кәне, балалар, кел ойнап, жаңа жылды тойлайық.
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып,
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Ән салайық.
1-бала: Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,
2-бала: Балалар мен жастарға бәрімізге,
3-бала: Ашық аспан астында ойнап күлсек,
4-бала: Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,
5-бала: Алланың нұры жаусын әр үйге,
6-бала: Жақсылықты тілеймін бар әлемге,
7-бала: Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,
8-бала: Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
Бәрі бірге: Келе жатқан жаңа жылымыз құтты болсын!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрін де.
Міне, тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар,
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.


Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бораны,
Ақ көрпеге орады,
Ақ қар байтақ даланы.
Аяз шымшып қояды,
Суық та аздап болады,
Туған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.

Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге,
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Ал, балалар тұрмайық,
Дөңгеленіп зырлайық ,
Аяз ата қуансын
Ән айтайық, жырлайық.
Ән: «Қыс қызығы»
Ұлдар биі: «Гусарлар»

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз

Далада қар борайды,
Ақ мамықа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын ақша қар!

Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді,
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.

Қыс түсті алақай,
Қар жауып тұр далада,
Жүр ойнайық балақай,
Отырып –ап шашаға,
Сол шанамен құйғытып,
Жеткенде Аяз атамыз,
Біздер одан сый күтіп,
Күліп-ойнап жатамыз
(Қатты желдің және ысқырықтың дауысы естіледі)
Жаңа жыл: Ой, балалар! Сендер естідіңдер ме? Кәне, қарсы алайық, біздің достарымыз келген сияқты!(Аяз атаның киімін киген сауысқан мен қарға кіріп келеді)
Жаңа жыл: Сендер кімсіңдер? Аяз ата, Ақшақар қайда? Жауап беріңдер!
Қарға: Ашуыңды бас Жаңа жыл!
Сауысқан: Иә, ашуыңды бас! Аяз ата мен Ақшақардан біздің қай жеріміз кем?
Қарға: Рас-ау! Біз де тосын сый жасай аламыз! Қараңыздар! (Әдемі оралған сыйлықты шығарса, онда жай ғана қағаз екен)
Тәрбиеші: Ол не?
Қарға: Сыйлық! (күледі)
Сауысқан: Менің сыйлығым жақсы! (бір кәмпитті алып шығады да, тәрбиешіге береді, бірақ онда түк жоқ болып шығады, тәрбиеші бәріне көрсетеді)
Қарға: Біз Аяз ата мен Ақшақардан әлде қайда жақсымызБіз сіздерге көп сыйлықтар алып келдік!
Сауысқан: Өзімізге де сыйлық қалдырамыз! (Аяз атаның қабын құшақтайды)
Жаңа жыл: Жоқ! Біз балаларды сыйлықсыз қалдыра алмаймыз! Достарымызды да құтқарамыз! Солай емес пе балалар?
Балалар: Иә!
Сауысқан: Білгендеріңді жасай беріңдер! Бірақ кәмпитке толы қапшықты қайтара алмайсыңдар! (Қапшықтарды лақтырады, осы кезде кәмпит басқа жағынан қашып кетеді)
Қарға: Қарашы мына қапшық жеңілдеп қалған сияқты!
Сауысқан: Иә, солай сияқты!
Қарға: Кәне, қапшықты ашып көрейік! (қапшықты ашады, ал апшықта түк жоқ)
Сауысқан: Кәмпиттер қайда, сыйлықтар қайда! (іздеп жатады)
(Музыка ойналады да Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Армысыңыздар, менің кішкентай достарым, қонақтар! Мінекей біз де келдік! Көп күттіңдер ме! Ах-ха-ха-ха! Қарға мен сауысқанның мені алдап түскісі келді ме? Балаларды сыйлықсыз қалдырып кеткілерің келді ме?
Кәмпит: Мен кәмпитпін! Мен кішкентай достарымды ешқашан тәттісіз қалдырмаймын!
Жаңа жыл: Ал мен тосын сыйлық жасаймын! Кәнеки, балалар бәріміз бірге өлең айтып, достарымызда қарсы алайық!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман –есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларың тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.Ой шыршаларың қандай керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді.
Ән: «Жасыл шырша»

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.


Аяз Ата, Ақшақар,
Бақшамызға келіңдер,
Бізбен бірге би билеп,
Тамашаны көріңдер.
Ескі жылға құрметпен
Айтамыз біз мың алғыс
Жаңа жылды қарсы алайық,
Бір- бірімізге тілейік те мол табыс.

Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді,
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір,бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!


Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.
Ән: «Аяз ата»
Дамелинің орындауында би: “Балапан”
Ертегіден көрініс
Ертегіші: Ханкелді
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынан қояндар секіріп шығады да:
Қоян : Перизат
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
ІІ Қоян Мансұр:
Тым алыстан, марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп ойнап,
Көп қызыққа батамыз.
Секіріп билеп жүрген қояндардың алдынан аю шығады. Қояндар сасқалақтап қалады.
Қояндар: Амансыз ба паң аю!
Аю: Ұлан:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып сергідім,
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.

Қоян: Жаңа жылдың тойында
«жан салайық» ойынға!
Үшеуі қол ұстасып билейді. Сол кезде қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі Жанайым:
Қояндарға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым жыл келді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю, қояндар, түлкі бірге билей жөнеледі. Осы кезде орталарына кірпі келеді.
Кірпі Аңсар:
Сәлем достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық,
Қоян келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда тиін келеді.

Тиін Қозыкөрпеш:
Тра- ля- ляй! Тра- ля- ляй!
Өнершіл аңдар ай
Өңкей паңдар, тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне басыңдар
Бәріңізге бір сәлем!
Бәрі: Сәлем, тиін!
Жақсы ақ биі!
Бәрі қосылып билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр Ислам:
Армысыңдар! Бармысыңдар ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын тойлайық.
Бәрі: жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Музыкамен бәрі билейді.
Барлық бала хормен:
Жаңа жылдарыңызбен!

Ән: «Жылдарменен таныс»
Би: “Гармонмен”
Ойын: «Кімнің күлкісі зор»
Жүргізуші: Аяз ата сіз қалай ойлайсыз, кімдер көңілдірек үлдар ма, әлде қыздар ма?
Аяз ата: Қазір тексеріп көреміз: ұлдар «Аяздар» болып «ха-ха-ха» деп, ал, қыздар «ақшақарлар» болып «хи-хи-хи» деп күлсін, Кәне, аяздар болып күлейік! (ұлдар күледі), ал, енді Ақшақарлар! (қыздар күледі)
Аяз ата: Тамаша, тамаша! Қыздар да, ұлдар да керемет күле біледі екен!
Жүргізуші: Аяз ата сіз көпір сала аласыз ба?
Аяз ата: Әрине!
Жүргізуші: Ал, егер де біз сіз үшін көпір тұрғызсақ, өте аласыз ба?
Аяз ата: Әрине өте аламын! Ол қандай көпір болмақ?
Жүргізуші: Мынадай! (Балалар жұп болып жетектесіп отара қалады! Тек бұл көпірден көзді жұмып өту керек. Келісесіз бе?
Аяз ата: Көпір мықты болар. Байлаулы көзбен көпірден өту қиынға соғар болса да, өтіп көрейін.( Аяз атаның көзін байлайды, балалар ақырын тарап кетеді де ,Аяз ата екі қолын жайып адымдап көпірден өтеді және алданып қалған сыңай танытады)
Аяз ата: Ох, мені алдадыңдар!
Қарға: Біз сізге сыйлықтарымызды алып келген едік қой.
Сауысқан: Жақсылық істейік деп едік.
Қарға: Біз балаларға тәттіден тараттық.
Сауысқан: Рас! Рас!
Аяз ата: Балалар, бұлар рас айтып тұр ма? Қарға мен сауысқан сендерге тәттіден берді ме?
Балалар:Жоқ!
Қарға мен сауысқан:Иә!
Балалар:Жоқ!

Аяз ата: жарайды балалар! Қарға мен сауысқанға жасаған істеріне қарай сыйлықтарын ала жатар, оғанға дейін балаларымыздың дайындаған өлең, тақпақтарын тыңдайық.

Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай
Қашан мырза болады,
Суреттерді әр үйге
Әйнектердің бәріне
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді.


Кең пейлді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан
О, алақай Аяз ата
Келіп жетті алыстан.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жан ашыр
Ата-әже, әке-шеше,
Құтты болсын жаңа жыл.

Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ата келеді
Жаңа жылда сәбилерге
Сыйлық әкеп береді.
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды ,
Ол да көптің бірі болып,
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болады.

Ибраһим
Жүзімде –қуаныш,
Әр көңілде –жақсы үміт.
Келе жатқан жаңа жыл,
Әкелсін көп жақсылық.

Нұрасыл С.
Ақ қыс келіп сән құрлы,
Тау далаға жараса.
Әйнектердің сан түрлі,
Әшекейі тамаша.
Жасыл шырша төрдегі,
Дейді “бәрің көр мені!”.
Кеткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.



Әлинұр:
Аңсаған қыс келді,
Жауды көп ақша қар.
Әппақ, ақ түске енді,
Жайқалған бақшалар.
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.

Нұрали:
Қараңыз мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Балалар да көңілді,
Би билеп жүр ән салып.
Жаңа жыл, жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып.

Ислам:
Әкелсін жыл ырыс –құт,
Әлемде болсын тыныштық,
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.


София:
Аяз беттен сүйеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.




Ескі жыл: қой жылы Нұрислам
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Осы кезде Аққаланы шанасына салып алған жаңа жыл Мешін жылы келеді.
Жаңа жыл:-Ескі жылға сәлем бердім
Жаңа жыл мына мен келдім,
Балаларға базарлық
Жақсы ойын әкелдім.
Балалардың Аққаламен биі.
Ән: «Ұүтты болсын жаңа жыл»

Даниал:
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен,
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір,
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.
Лейла:
Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары
Бүкіл қызық тірілген.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір,
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.



Би: Ұлдар мен қыздар бірге “Жаңа жыл”
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Ал ендігі кезекте менің және менің достарымның атынан жаңа жылдық сыйлықтарды қабыл алыңдар! Қарға мен сауысқанға да тиісті сыйлықтарын берейік.
Сауысқан: Аяз ата, сен сыйлықтарды еңбегі үшін берем дедің ғой, тезірек берші.
Қарға: Айттың, айттың! Кәне, тез берші Аяз ата!
Аяз ата: Дұрыс, Айттым Ақшақар, қарға мен сауысқанға сыйлықтарын тарат!
Қарға: Алақай! Әкелді! Болды, Аяз ата, сен де сенің достарың да бізге керек емессіңдер!
Сауысқан: Иә, керек емессіңдер! (күледі)
Аяз ата: Сауысқан, қарға асықпаңдар! Сыйлықты ашып көріңдер, баршаға да көрсетіңдер!
Қарға:Бұл не?
Сауысқан:Бұлай жарамайды!
Жаңа жыл: Халықта «не ексең, соны орасың» деген нақыл сөз бар. Балаларға қандай сыйлық бергендерің естеріңде шығар.Сондықтан да Аяз ата мен Ақшақар да сендерге лайықты сыйлықтар таратты.
(қарға мен сауысқан шығып кетеді)
Аяз ата: Ал, Ақшақар қызым балалардың да сыйлықтарын алатын кездері келді ау деймін, қапшықты бері әкелші.

Аяз ата мен Ақшақар қаптың аузын ашуға ұмтылған сәтте қап орнынан жылжып кетеді. Аяз ата жылдам қимылдап қапты ұстап алса, ішінде сыйлықтарды ұстаған қуыршақ отыр екен.
Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме? Мен көңілді қуыршақпын, балалармен би билеуге келдім. Қуыршақ қаптан шығып балалармен би билейді.
Қыздардың биі «Қуыршақтар биі».

Тәрбиеші: Жаңа жыл елімізге, жерімізге, баршамызға құт, береке алып келсін!
Балалар залдан музыкамен шығады.

Ертеңгілікке қатысқан кейіпкерлер:
Жүргізуші - тәрбиеші Заманбекова Л.М.
Аяз ата – ата –ана Төлеген Дидардың әкесі Ахметжанов Жандос
Ақшақар: ата –ана Ханкелдінің анасы –Рамжанова Құралай
Қарға: тәрбиеші-Берімбет М.Ж.
Сауысқан: қазақ тілі мұғалімі –Тулендиева Э.А.
Кәмпит: Карим Дамели
Ертегіші: Аманкелді Ханкелді
Аңдар: Қояндар- Байбосын Перизат, Сламбек Мансұр
Аю- Бұралқы Ұлан
Тиін –Қыдырбек Қозыкөрпеш
Кірпі – Сайпула Аңсар
Түлкі – Нұрғазы Жанайым
Қасқыр – Чакірт Ислам
Жаңа жыл –Базарбек Нұрали
Ескі жыл – Заурұлы Нұрислам
Жаңа жылдық киім киген балалар.

Похожие публикации:

18 январь 2016 Новый 2016 год
18 январь 2016 Апельсин
18 январь 2016 История часов
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив