22 Наурыз "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын" » КГКП Ясли сад № 47
Коммунальное государственное казенное преприятие
«Ясли-сад №47»
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 309-06-99
Телефон бухгалтера:
+7(727 )309-07-99
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » 22 Наурыз "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын"
19
март
2021

22 Наурыз "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын"

Әуезов ауданы

№ 47 бала бақша






«Қош келдің Наурыз»



Ертеңгілік кештің сценарийі

Мектепалды даярлық тобы



 





Тәрбиешілер: Заманбекова А.М.

                           Мәжен Ж.К.

Музыка жетекшісі: Жакаева Б.Ш.





Алматы қаласы

Қош келдің Наурыз


Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Балалар билеп кіреді

Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлыстың ұлы күні Наурыз  мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды! 

Наурыз мейрамы бұл-қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Ренжіскен адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, бірін-бірі кешіріп, татуласады. Амандасып көріседі. Біздің балаларда бір-бірімен құшақтасып амандасады.

Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық


ӘН: «Нұрлы көктем»


Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар

Мади:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Дария:

Еліммененжеріме,

ЫрысыншашқанНаурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағыншашқаннаурыз.

Жетітүрлідәнсалып,

Дәмтатқызғаннаурыз.

Жақсылықтілепхалыққа,

Молшылықәкелсіннаурыз.

Санжар:

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай.

Біз де қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық!

Жасмин:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

БИ: «Қыздар»

ӘндетіпАлдар келеді.

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұрт та жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

Мен балалардың дабырлаған даусын естіп келдім. Бұлжердемерекеболыпжатырма?

Тәрбиеші:Қош келдің Алдар, біз бүгін наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Алдар:Амансыздарма! Наурызмейрамықұттыболсын.

Иә, сараң байды алдап, мінекейнаурызмейрамынажаңашапанкиіпкөңілдікелемін. (көрсетіпқоядышапанын)

Тәрбиеші:Ендешеұлыстыңұлыкүнінбізбенбіргеқарсы ал, наурызмейрамыңқұттыболсын!

Алдар: Рахмет! Мен сендергеқұрқолкелген жоқпын. Балалардың күшін сынайын деп арқан алып келдім. Қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тарту ойынын ойнайық. Екі топқа бөлініп күш сынаймыз.

Ойын:(Арқан тарту)




Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.

Алдар: Рахмет (дастарханбасынаотырады)

Тәрбиеші:Наурызтойынбастаймыз

Бимен оны қостаймыз

Би: Ұлдар биі



Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.

Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Тәрбиеші:

Қош келдіңіз

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалыжолболар,- депөзіңізден бата сұраймыз.


(Қыдырата бата береді.)

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барса да жол болсын

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін

Бәле-жала жерге енсін

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын

Қуаныштарың көп болсын!



Тәрбиеші:

Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!

Қыдыр ата төрлетіңіз, дастарханға келіңіз.

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жөн болар.

Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.

Амина:

Домбырасызсәнқайда

Домбырасызәнқайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулапжанбайма

Қасым:

Құрманғазы Тәттімбет

Домбыраменсайраған

Жүрекке от жақсындеп

Елгекүйінарнаған


Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:

Айтыс: Мади мен Дария

Дария:

Жетісудың бұлбұлы,

Ақын Сара мен едім.

Сарыарқаның дүлділі,

Сал Біржаны сен едің.

Оза шауып сый алып,

Айтыстарда ысылдың.

Қыз алдында ұялып,

Неге сонша қысылдың.

Мади:

Сөздеріңнен Саражан,

Шабыт алып шабамын.

Көздеріңнен қараған,

Жанға рахат табамын.

Достасуға кеп едім,

Жол бермейік өкпеге.

Алып кетсем деп едім,

Жер әсемі - Көкшеге.

Дария:

Табиғаты көркейген,

Жетісуым – мекенім.

Ондай сұлу өлкені,

Қалай тастап кетемін.

Мына наурыз тойыңда,

Сөзің жоқ па айтатын,

Уақытың болды ма,

Әлде үйге қайтатын.

Мади:

Тілегім бар Саражан,

Қыл өтпесін арадан.

Достық болсын елімде,

Тату болсын бар адам.

Дария:

Шуақ төгіп Наурызым,

Құтты болсын мереке.

Бақытты боп ұл-қызың,

Болсын елде мереке!

Бірге

Еркем еркем еркем-ай

Еркелеген еркем-ай

Еркелеткен еркемді

Еркелетсем екен-ай



Тақпақтар:

Даяна:

Наурыз айы – гүл айы,

Наурыз айы – нұр айы.

Наурыз айда халқымның,

Құлпыра түсер шырайы.

Осыншама жақсылық,

Алып келген наурызым.

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

Мирас:

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып.

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Фарида:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Арлан:

Наурызтойы - елдіңтойы,

Көктемтойы - төлдіңтойы.

Әнайтатынкүнібойы

ЖақсыкөремНаурызтойын!

Тимур:

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Төреәлі:

Той-думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз

Ән айтайық бәріміз

Қол соғайық бәріміз.


ӘН: «НАУРЫЗ»


Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық

Ойнайық та, көңілімізді көтерейік

Ойын: «Қыз қуу»Данияр-Фарида

Арлан-Амина

 Тимур-Жасмин

Тақпақтар:

Назым:

Наурыз келді - жыл келді

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді.

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы апайлар

Тойға әзір боп үлгерді.

Данияр:

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.


Көрініс: Қазақтың салт-дәстүрі – «Сүндет той»

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. 

(Ән әуенімен сүндеттелген бала кіреді)

Мұсылмандық   белгісі, 

Ер баланы сүндеттеу.

Имандылық белгісі,

Сол сүндетті құрметтеу.

Діннің жолын құрметтеу, олай болса біздің толтың кенжесі Төреәлідей ұлдарыңыздың құтты болсын сүндеті.

Өтеліпті парызы, жасалыпты жоралғы,

Бұл дәстүрдің қиығы,

Азамат болар    жігіттердің,

Үкіленсін иығы деп,

Төреәлінің иығына үкі тағамыз.

Елінің атқа мінер ұлы болсык деп, қолына қамшы ұстатамыз.

Ендеше батамен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер деген Қыдыр атадан бата сұраймыз.


Қыдыр ата:

 Сөз бастар ақын болсын,

Қол бастар батыр болсын.

Ел бастар көсем болсын,

Ауыз дуалы шешен болсын.

Сүндет той құтты болсын!


Тәрбиеші:Аумин айтқаныңыз келсін.Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды, көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив