Ұйымдастырылған ашық біріктірілген оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш” » ГККП Ясли сад № 47
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » Ұйымдастырылған ашық біріктірілген оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”
07
ноябрь
2017

Ұйымдастырылған ашық біріктірілген оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”



Ұйымдастырылған ашық біріктірілген   оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”
Ұйымдастырылған ашық біріктірілген   оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”
Ұйымдастырылған ашық біріктірілген   оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”
Ұйымдастырылған ашық біріктірілген   оқу қызметі Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”

Ұйымдастырылған ашық біріктірілген оқу қызметі
Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”

(Ы.Алтынсарин әңгімесі)

Өткізген тәрбиеші: Заманбекова Л.М.

Алматы қ.

Ұйымдастырылған ашық біріктірілген оқу қызметі


Күні: 03.11.17ж
Тобы: Ересек
Тәрбиеші: Заманбекова Л.М.
Білім беру саласы: “Коммуникация”, “Шығармашылық”.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: “Менің отбасым”
Тақырыбы: “Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш”,
(Ы.Алтынсарин әңгімесі)
Мақсаты: а) Сөзді буынға бөлуді, «Өрмекші,құмырсқа
және қарлығаш» мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету.
ә) Әңгімені тыңдата отырып, бала
қиялын дамыту.
б) Баланы
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Алдын –ала жұмыс: Құмырсқаның, Қарлығаштың бейнелерін алдынғы оқу қызметтерінде бояп, қиып дайындау.
Қолданылатын көрнекі құралдар:презентация, слайд, көркем суреттер, музыка Шопен “Күзгі вальс”
Үштілділік: қарлығаш – ласточка- суолоу, ата – дедушка-гранфазе, өрмекші – паук, құмырсқа – муравей-ант.

Тәрбиеші: -Балалар бүгін біздің ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар қатысып отыр
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі қосылып айтады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырады қаламыз
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң қонақтар!
Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин атамыздың “Өрмекші, құмырсқа, Қарлығаш” әңгімесі жайлы болмақ.
Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушысы, ақын, жазушы. Ең алғаш
қазақ балаларына мектеп ашып, балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға. Сендер ең алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел, балалар, оқылық!»
атты өлеңімен танысасындар. Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос»,
«Өнер білім бар жұртта», «Киіз үй мен ағаш үй», «Мейрімді бала», «Асыл шөп»,
«Аурудан аяған күшіктер», «Бұл кім?», «Ананың сүюі» деген шығармалар бар.
Әлихан “Кел балалар оқылық” өлеңін оқып береді.
«Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш»
әңгімесін оқып береді.
Атасы мен баласы далада келе жатып,
атасы баласынан сұрайды:
- Анау өрмекшіні көрдің бе?
Бала:
-Көрдім, өрмек тоқып жүр.
Ата:
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
Бала:
-Көрдім, аузында нанның ұнтағы бар,
кетіп барады.
Ата:
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
Бала:
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында
тістеген шөбі бар, - дейді.
Сонда атасы былай дейді:
- Олай болса,
шырағым, сол кішкентай
жәндіктер – саған үлгі. Өрмекші маса мен
шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ
алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз
жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттенуің керек.
-Балалар,
біздің топқа, қонаққа атай келді.
Топқа ата мен бала кіреді.

- Сәлеметсіндер ме, балалар! Мен ұзақ
жол жүріп келдім. Өзіммен бірге сендерге бір қызықты
әңгіме ала келдім.

Балалар келген қонаққа қарап амандасады.
- Сәлеметсіз бе, ата, төрге шығыңыздар.
- Балалар, атай бізге Ы.Алтынсариннің
«Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» деген
Әңгімесін баласы Мүсілім екеуі сахналап беруге келіпті.

- Енді осы
әңгімені келген қонақтар бізге
сахналап берсін. (Қонақтар сахналап айтып
береді.)

Балалар қызықтап тамашалайды.
-Балалар, әңгіме сендерге ұнады ма?
- Әңгімеде не туралы айтылған?
- Әңгімедегі
кейіпкерлер қандай екен?
- Иә, әңгіме ұнады.
- Өрмекші, құмырсқа, қарлығаштың еңбегі туралы айтылған.
- Өте еңбекқор екен.
Балалар әңгіме мазмұнын айтып береді
- Балалар,
сендер буынға бөле аласындар.
Әңгімедегі өрмекші, құмырсқа, қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?
- Неше буыннан тұрады?
- Иә, дұрыс айтасындар. Бір дауысты
дыбыс бір буынды құрайды. Ата, бала, құмырсқа, өрмекші,
қарлығаш дегеннің бәрі – сөздер. Сөз – буыннан тұрады.
Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрайды.
Үштілділік: қарлығаш – ласточка- суолоу, ата – дедушка-гранфазе, өрмекші – паук- спайдэ, құмырсқа – муравей-ант.
«Өрмек» сөзі «тор» деген мағынаны білдіретіндігі
түсіндіреді.
Балалар қолдарын шапалақтау арқылы буынға бөледі.
- Өр-мек-ші, құ-мырс-қа, қар-лы-ғаш.
- Үш буыннан тұрады.
Қайталайды.
Сергіту
сәті:
(Сергіту жаттығуларын Н.Жанаевтің «Еңбек» өлеңімен
жасатуға болады.)

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіскең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңда жөндеп,
Әзірлеңсен – еңбек,
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Мақал-мәтел жаттау.
1.Еңбек – адамның екінші анасы.
2. Еріншек түске дейін ұйықтайды.
3. Жалқаулық – жаман ауру.

Балалар,
бүгін кімнің әңгімесін тыңдадық?
Ы.Алтынсариннің
әңгімесін тыңдадық.
- Өрмекші, құмырсқа
және қарлығаш.
- Әңгіме
қалай аталады?
Олай болса біз атмызға рахмет айтып, осы әңгімедегі кейіпкерлерді сыйға тартсақ қалай болады. Кәне, бәріміз өз орындарымызға отыра қалайық.
Балалар үш топқа бөлініп бірі құмырсқаны жапсырады, бір топ өрмекшіні мүсіндейді, бір топ қарлығаштың суретін бояйды.


Дайын жұмыстарын атаға сыйлайды. Атасы мен баласын шығарып салу.
Педагог балаларға жұмбақтардың жауабын
шешкізу арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Жұмбақ
1. Тоқыған ауы, шыбынның жауы.
2. Құжынаған жұмыскер,
Бірлескенде тым іскер.
3. Тым ерте ұшып келетін,
Үйіңе сенің кіретін,
Қасиетті құс деп айтатын,
Балшақтан ұя жасайтын.
Барлығы айтады шығарып салады.
-
Балалар,
сендер әңгімені өте жақсы түсіңгендерің жұмбақ шешу барысында байқалады.
Жарайсындар!


Жаңғырта алады: Ы.Алтынсариннің ағартуші екенін.
Түсінеді: үлкеннің айтқаны тәрбие екенін, ізеттілікті.
Қолданады: жұмбақтардың шешуі болған
сөздердің әңгіменің тақырыбын шығару үшін.































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив