Қазақ тілі мамандарына семинар "Мамандықтың бәрі жақсы" » ГККП Ясли сад № 47
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » Қазақ тілі мамандарына семинар "Мамандықтың бәрі жақсы"
03
март
2019

Қазақ тілі мамандарына семинар "Мамандықтың бәрі жақсы"





Әуезов ауданы
МКҚК «№47 бала бақшасы»


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Бала бақша меңгерушісі: Л.М. Заманбекова
әдіскері: М.В. Курбатова
қазақ тілі оқытушысы: Э.А. Тулендиева
музыка жетекшісі: Э.П. Шамрова
[/center]



Алматы қаласы 2019ж.

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері, құрал-жабдықтары, интерактивтті тақта, сиқырлы қалам
Сөздік жұмыс: мамандық, мұнайшы, метро жүргізушісі, зергер, банк қызметкері
Блингвальдық компонент: мамандық-профессия, мұнайшы- нефтянник, метро жүргізушісі- машинист метрополитена, зергер-ювелир, банк қызметкері-банкир

1.Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі.
Мұғалім: балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті, кәне қонақтармен амандасайық! (балалар қонақтармен үш тілде амандасады)
Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Мұғалім: Балалар далаға қарайықшы бүгін ауа райы қандай болып тұр?
-Күн суық.
-Далада қар бар
-Дұрыс айтасыңдар, балалар өйткені қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінде үш ай бар.
-Қыс айларын маған кім айтып береді?
- Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар. Кәне, олай болса балалар орнымызға отырайық.
2.Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі.
Мұғалім: Балалар мен сендерге үйден аналарың мен әкелерің қандай жұмыс істейтінін біліп келуді тапсырғанмын. Кәне кім айтып береді екен?
-Менің анам- мұғалім
-Менің әкем жүргізуші
-Менің анам сатушы
-Менің әкем полицей болып жұмыс істейді.
-Ендеше балалар, осы мұғалім, жүргізуші, сатушы, есепші барлығын мамандықтар деп атаймыз.
Тосын сәт: «Хабарлама» жұмыспен қамту орталығынан( экраннан көрсетіледі) Сәлеметсіздерме! Назар аударыңызар! Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығынан хабарласып тұрмыз, бізге шұғыл түрде мұнайшы маманы, метро политеніне жүргізуші, зергер, және банкке банк қызметкері мамандары қажет. Осы мамандар болса 22,22 нөміріне хабарласыңыздар!
Мұғалім: балалар, қараңдар бізге жұмыспен қамту орталығынан хабарласып тұр, оларға қазіргі кезде сұранысқа ие мамандар қажет екен. Сендер мұнайшы, метро политен жүргізушісі, зергер, банк қызметкері деген мамандық туралы білесіңдер ме?
-Жоқ.
-Олай болса біз бүгін осы мамандықтар туралы толық танысайық.
(Экраннан слайд арқылы балаларды аталған мамандықтармен, қызметі туралы таныстырып, түсіндіру)
Дыбыстық жаттығулар: Мұнайшы-нефтянник (қайталату) мұ-мұ-мұ-мұнайшы
Метро жүргізушісі-машинист метрополитена ші-ші-ші- жүргізуші
Зергер-ювелир гер-гер-гер-зергер
Банк қызметкері-банкир кер-кер-кер-қызметкер
Сөздік ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
А- аспазшы,архитектор, аптекарь, астроном
Б- банк қызметкері, бетонщик, балерина, барабанщик
Г- геолог, грузчик
Д- дәрігер, доктор, дантист, дирижер, доярка
Ж- жүргізуші, журналист
З- зергер, землекоп, закройщик
М- мұғалім, мұнайшы, май қызметкері, метро жүргізушісі, моряк
Ш- шахтер, шафер
Э- электрик, экономист
Мұғалім: балалар, ұшақты кім жүргізеді? (ұшқыш)
Дұрыс айтасыңдар олай болса кім ұшқыш болғысы келеді?(бір баланы ұшқыш сайлап, барлығы ұшаққа отырады)
Сергіту жаттығуы:
Ал, кәнекей пилоттар,
Дайындалайық ұшуға!
Жақындайық ұшаққа,
Бір, екі,үш -2рет (балалар маршпен жүреді)
Отырайық жайғасып (отырады)
Біздің ұшақ гуілдеді (балалар: у-у-у)
Көтеріліп жоғары (қолдарын созып орнынын тұрады)
Самғап ұшып жөнелді.
Ұшқыш оңға қарады, (балалар мойындарын оңға бұрады)
Ұшқыш солға қарады (балалар мойындарын солға бұрады)
Алға қарап тез ұшты. (шеңбер бойымен жүгіру)
Қанаттары талмады.
Бір, екі, үш.
Жерге қонды әп-сәтте (отырады)
Келдік міне, біз жерге!
Бір, екі,үш-2рет маршпен жүріп орындарына отырыды.
Өзіндік жұмыс: (Шартын түсіндіру)
Мұғалім: балалар біз енді тағы бір ойын ойнайық.
Ойын: «Суретшің қатесін түзе!» Шарты: тақтаға мамандық иелерінің суреттері ілінеді. Суретші балаларды шатастыру үшін мамандықтардың пайдаланатын құралдарын ауыстырып салып қояды. Балалар қай мамандық иесіне қандай зат керек екенін тауып, суретшінің қатесін түзейді.
3.Рефлекциялық-түзетушілік кезеңі.
-Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде кімдермен таныстық?
-Мамандық иелерімен
-Дұрыс айтасыңдар, Және балалар біз бұрыннан ересек топтарында білетін көптеген мамандық иелері бар иә, кәне атап жіберейік.
«Сиқырлы қалам» арқылы мамадық иелерін атап, мамандық иелері туралы тақпақтар айтады.
1.Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін,
Мен дәрігер боламын.
2.Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Бөбектерді оқытар,
Мен мұғалім боламын.
3.Жақсы оқып сабақты,
Мақсатым бұл ұраным.
Үлкен болып өскенде,
Сатушы болып тұрамын.
4.Дәмді тамақ пісіріп,
Өнерлі бала боламын.
Халқым сүйген ардақты,
Мен азпазшы боламын.
5. Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Алматыдан аумайтын,
Әсем қала саламын.
-Және тағы да біз бүгін қазіргі заманға қажет мамандықтармен таныстық, кәне ол қандай мамандықтар кім айтып жібереді?
-Мұнайшы, метро жүргізушісі, зергер, банк қызметкері
-Мұнайшы не істейді? (Атқаратын қызметтерін айтқызу. Сұрақ-жауап.)
Дидактикалық ойын: «Мамандықты тап»
Шарты: ортаға мамандарға қажетті құралдарды қойып, қай құралды қай мамандық иесі пайдаланатынын сұрау.
Тосын сый: Ортаға дәрігер келеді
Дәрігер: Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Сәлеметсізбе
Мұғалім: Балалар бізге келген кім?
-Дәрігер апай
- Дәрігер: балалар сендер жақсы оқу үшін денсаулықтарың мықты болуы керек, дәрумендерді көбірек қабылдауларың керек, мен сендерге витаминдер және алма ала келдім. Ала қойыңдар. Топқа барғанда бәрің бөліп жейсіңдер. Жақсы оқыңдар! Сау болыңдар! (балалар алғыс айтып қоштасады)
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен. Бүгін бәрің оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге! Талаптансаң сен жақсы, Мамадықтың бәрі жақсы!
Балалар бізге бүгін қонаққа мұғалім апайлар келіп отыр, апайларға өзіміздің сыйлықтарымызды табыс етейік! Қабыл алыңыздар!
Қонақтармен қоштасу!


Күтілетін нәтиже:
Біледі: мамандық иелерінің қазақша атауларын атай біледі.
Игереді: мамандық иелерінің атқаратын қызметінің маңыздылығын түсініп игереді.
Меңгереді: мамандық иелерінің еңбектерін бағалап, құрметтеуді меңгереді.



Құрастырған қазақ тілі оқытушысы: Тулендиева Э.А



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив