Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тілдік қатынасты ойындар (Ата анаға кеңес) » ГККП Ясли сад № 47
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » » Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тілдік қатынасты ойындар (Ата анаға кеңес)
07
ноябрь
2017

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тілдік қатынасты ойындар (Ата анаға кеңес)

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тілдік қатынасты ойындар
(Ата анаға кеңес)

«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті.
Біздің балаларымыз ана тіліне жетік,
білімді, мәдениетті болсын»
Ахмет Жубанов.

Сөйлеу – бұл адамдарға берілген қабілет, табиғаттың ұлы сыйлығы. Сөйлеу қызметі балаға соншалықты қажет, тіпті оны меңгеру мектепке дейінгі баланың дамуы үшін басты бағыттардың бірі болып табылады.
Туған тілді меңгерту баланың әлеуметтік және рухани дамуында басты шарттардың бірі екеніне біз сенімдіміз. Туған тіл сәбидің біздің өмірімізге кіруге көмектеседі, үлкендер мен балалармен қарым-қатынасқа түсуге үлкен мүмкіндіктерін ашады. Тіл арқылы бала дүниені танып біледі, өзінің ойын, көзқарасын білдіреді. Тіл мәдениетінің дамуы баланың мектепке табысты оқуының кепілі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы негізінен ұлттық «Балбөбек» бағдарламасымен атқарылады. Біздің алдымыздағы мәселе балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдылардың дамуына жүйелі бағытталған педагогикалық әсерді талап етеді. Тілді дамыту біздің бақшада барлық жақтарды қамтып жүйелі жүргізіледі (олар: сөздіктер, грамматикалық құрылымдар, тілдің дыбыстық мәдениеті, тілдік байланыс).
Тілдік байланысты дамыту басты мақсаттардың бірі болып табылады. Ал басқа мәселелердің шешілуі тілдік байланыстың жетілдіруіне бағытталған.
Әр топта жас ерекшеліктеріне сәйкес тілді дамытудың басты міндеттері анықталған:
Ересектер тобындағы балалар «Кәне, әңгімелесейікші!» деп сипаттауға болады. Бұл топтағы жұмыстың басты мақсаты балалардың тілдік іс-әрекеттерінде жеке қабілеттерді анықтау, сұхбатты дұрыс құрудың және жүргізудің шығармашылығын дамыту, шығармашылық әңгімелерді ойлап табу, ойынның, көрген фильмнің желісін талдау. Шығармашылық қабілеттерді өзі ойлап тапқан кез келген мәтін мазмұнында, сонымен қатар оны жеткізу жолдарында байқауға болады. Мысалы, ертегіні ойластыру барысында бала оқиғаларды өз немесе әдебиет тәжірибесінен өз бетінше таңдап қиыстырады, не болмаса шығармашылық елес арқылы өзінің ойлап тапқан кейіпкерлерінің бейнелерін, оқиғалардың желісін ойластырады, нәтижесінде мазмұнды бір сюжеттік жол құрастырылады.
Меңгерілген әсемдік құралдардың байлығы әңгімені, жұмбақ ертегіні әсемдеуде және тұсау кесерінде дұрыс таңдай білуге және ұтымды үйлестіре білуге мүмкіндік береді.
Баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмысы біртіндеп әр топта сұхбаттастық, монологиялық және саяси тілді күрделендіретін үйлесімді жүйені керек етеді.
Бақшамызда әр топта тілді дамыту ортасы құрылған. Тілдік бұрыш үстел мен шөрелермен жабдықталған. Сонымен қатар жеке және топтық жұмыстар үшін қажетті барлық көрнекіліктерді, құралдарды табуға болады. Олар: сюжеттік және заттардың суреттері, тілді дамыту әдістемелері, дидактикалық ойындар, қол саусақтарын дамытуға және сауат ашуға дайындыққа қажетті материалдар. Бұған қосымша сөздердің жинақ сандықшаларымен жұмыс жүргізіледі, көрнекіліктерге арналған жинақ сандықшалары бар. Жиналған
суреттер тіл мәселесінің шеңберін шешуде қолданылады. Олар: сөздердің лексикалық мағынасымен танысу, белгілі бір жинақтаушы ұғымдарға байланысты суреттерді топтастыру, таңдалған көрнекіліктер негізінде сөйлемдер құрастыру.
Тәрбиешілерге тілдің бірқатар мәселелерін шешуге «Аулан-аулан» жан-жақты, әмбебеп дидактикалық көрнекілікті жасауға ұсыныс береміз. Бұл көрнекілік әртүрлі тілдік мәселелерді шешуге пайдалануға болады (4 жасқа дейін). Бізде тілді дамытуды ұйымдастырудың 3 формасы анықталған. Оларға регламенттік емес және балалардың өз бетінше іс-әрекет формасы жатады.
Осы үш форма педагогикалық үрдістің қатысушыларының өзара қарым – қатынасын тілмен анықтайды. Регламенттік формада негізгі тұлға ересек адам болып табылады. Бұл форма сабақтан тыс өткізілетін сабақтарда, іс-шараларда ұсынылған регламентті емес форма бала мен тәрбиеші арасындағы ынтымақтастыққа негізделген қызықты қарым-қатынас жүзінде көрсетіледі. Ұйымдастырудың бұл формасы біздің педагог мамандарға әрбір баланың сөйлеу қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін және қызығушылығы мен талғамын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл форма мындай іс-шараларда ұсынылды: «Күзгі қысқы, көктемгі, жазғы сөздер», «Сүйікті ойыншықтар көрмесі», ырғақты дамытуға арналған жаттығулар.
Үшінші форма. Еркін іс-әрекет. Бұл формада барық приоритетте балаларға беріледі. Дидактикалық ойындардың дұрыс таңдалып алынуына үлкен мән береміз.
Біздің балабақшадағы бүлдіршіндердің дамуының табыстылығы мен нәтижесі осы айтылған формалардың дұрыс байланыстырылуына қатысты.
Біздің балалардың тілдерінің дамуы тек қана іс-шаралармен ғана емес, сонымен қатар басқа да балалардың іс-әрекеттімен де: танымдық дамуы, математикалық цикл іс-шараларында, көркем-эстетикалық даму процессінде (әдебиет, музыка, театрландырылған және көркем бейнелеу іс-әрекеттері) жүзеге асады.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жұмыстары тілдің дамуымен тығыз байланысты. Біздің балалар білімдерін кеңейтіп, сөздік қорлары бекітіліп, сөйлеудің грамматикалық құрылымы нығайып балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде өз ойларын байланыстырып жеткізе алады. Балалар көп бақылайды эксперимент жасайды, өз қолдарымен коллекция, танымдық альбомдар құрайды.
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру тілдерінің жан-жақты дамуына әсер етеді. Математика сабақтарында көптеген тапсырмалар балаларды жұптастырып жұмыс істеуге бағытталған. Бұл арқылы сұхбаттық қарым-қатынас жасау қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың математикалық білімдерін нығайтып қана қоймай сонымен қатар сөйлеу тілдерін дамыту үшін көркем сөзге үлкен мән беріледі.
Көркем әдебиет баланың сөйлеу тілінің дамытатын негізгі құрал болып табылады. Үлкен топтарды балалар фольклордың көркем әдебиеттің не екенін қарастыра бастайды. Оларды әртүрлі фольклор таныстырады, фольклорлық шағармаларды тұрмыстық өмірмен байланыстыра білуге үйретеді.
Көркем әдебиетке қатысу шеңберінде балаларды өлең және әңгімемен таныстырады. Жыл бойы балаларды өлеңдерді өз қалаулары бойынша жаттап, ұнаған шығарманы сахналайды.

Театрландырылған іс-әрекетте баланың дамуы
Біздің мектепке дейінгі мекемемізде театрландырылған іс-әрекетке «Балдәурен» атты үйірме құрылған.
Бұнда сөйлеу мәселелері шешіледі, сөздік қорлары кеңейеді, балалар сөздерін іс-қимылмен байланыстыруды үйренеді; мәнерлеу интонациясы қалыптасып, диалогтік қарым-қатынас жасау қабілеттері бекітіледі. Сөйлеу тілдерін дамыту жұмыстарында табысқа жету үшін әртүрлі формалар мен әдістерді пайдаланған жөн.
Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.
Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды карастырады. Әртүрлі іс-әрекетімен ашық бейнелермен қызықтырады. Ойындар арнайы дайындықты қажет етпейді. Ойын-саяхат табиғат мезгілдері, табиғат құбылыстары «ауыл», «қала», «көлік» сияқты ұғымдар туралы белгілерін бекітіп, ертегілер мен .мультфильмдерге қызығушылықтарын дамытады.
Бұл этюдтерде балалар тәтті жемісті, нанды, ғажайып ағашты кезіктіреді. Педагог балалардың қабылдауын қалыптастырып сөздерін іс-қимылмен байланыстыра білуге үйретеді.
Балалар шыршаны әшекейлеп, торт пісіреді. Бұл этюдтер тұрмыста әртүрлі сабақтарда пайдаланамыз.
Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді.
Монологтік байланыстырып сөйлеу қалыптасуы мектепке дейінгі балаларда басты міндет болып табылады. Процессті жеңілдету үшін байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін кестені қолданамыз. Кестені қолдану әнгіме құруда балалармен жұмыс кезінде әңгіменің мазмұн ретін сақтап, жақсы нәтиже
береді. Бұл Т.Ткаченко мақаласында айтылған. Ауызша айту кезінде сөйлеу құрылымы болады және мәнерлеу реті сақталып мәтін немесе сөйлем құруға көмегін тигізеді.
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру үшін балаларға саусақтарға арналған қуыршақтарды ойын барысында қимыл мен сөйлеуі қалыптастыратын жаттығулар ұсынамыз. Кесте арқылы балалар өз еркімен ертегі құрып,
кейіпкерлердің қылықтары арқылы үйреніп, әртүрлі қиын жағдайларда шешім табуға үйренеді.
Фольклорлық шығармалар: мақал–мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, дыбыстық жұмыстар жазуға ең тиімді материал ырғақ әуен балалардың
эстетикалық сезімдерінің пайда болуына жағдай жасайды. Олар балалар халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптармен таныстырады.
Әсіресе біз тәрбиеленушілерді ата-аналары мен педагогикалық ұжымның өзара қарым-қатынас жасауына көп көңіл бөлеміз. Бұның мақсаты – әр баланың сөйлеу тілінің табысты дауына күш жігерді біріктіру. Бұл мынандай іс-шаралар арқылы жүзеге асады:
• ата-аналармен жеке-дара кездесулер;
• топтың сөйлеу дәстүріне ата-аналардың қатысуы;
• ата-аналар үшін газет шығару;
• ата-аналардың қатысуымен бала-бақшадағы ойындар жинағы (игротека);
• арнайы материал қорын құру үшін жасалған жұмыстар;
Тәрбиешілер ата-аналарға үй жағдайында баланың тілін қалай дамытуға болатынын айтады. Сөздік қорын дамыту шеңберінде ата-аналарға кеңес беру, балаларға танымдық әдебиеттерді оқу, экскурсияға апару, бақылау жүргізу.
Тәрбиешілер ата-аналарға сөздік ойындар жүргізеді. Мысалы, «қысқы» антоним – синоним сөздермен жұмыс істеуді ұсынады.
Сөздің грамматикалық құрылымын дамытуда, қарапайым сөйлем құруда, баланы жат ойын арқылы жаттықтыруға кеңес береді. Педагогтардың ұсыныстары бойынша бала-бақшадағы, үйдегі оқиғалар жайлы сөз етуді дағдыға айналдыру.
Отбасы мен тәрбиешілердің қарым-қатынасы педагог жұмысының тиімділігін көтереді. Балаларға әсер етіп көптеген қиындықтарды алдын алады. Балаға әр күн, әр сағат маңызды. Адымдай отырып бала барлық жаңа горизонттарды меңгереді, келесі баспалдаққа жоғарылайды. Ендеше осы жолда оған бірігіп көмек көрсетейік.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив