Ата-анаға кеңес: «Кіші фольклордың түрлері туралы жатқа білесіз бе?» » ГККП Ясли сад № 47
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » » Ата-анаға кеңес: «Кіші фольклордың түрлері туралы жатқа білесіз бе?»
20
февраль
2017

Ата-анаға кеңес: «Кіші фольклордың түрлері туралы жатқа білесіз бе?»

“Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі” деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен суындату арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.

Этнопедагогика жалпы педагогиканың бір саласы. Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасы үлкен жетістікке жетіп, ғылыми зерттеу объектісінің тұрақты екендігін дәлелдеді. Этнопедагогикасының әрбір саласы дүниені тану, оның пайда болуын білуге ұмтылу, адамның өмірдегі алатын орнына үңілу, табиғат пен қоғамның негізгі сырларын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау, сияқты дүниетанымның негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан дүниетанымның негізі де осы жаста қаланады.
Бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, “Бiлiм туралы” Занңына және “Бiлiм” мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң Ұлттық үлгiсiн дамытуға жағдай жасау жөнiндегi жұмыстар жүзеге асырылуда.
Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар фольклорының, салт-дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.
Этнопедагогика бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кестесі беріліп, оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдану ұсынылып отыр.
Қазақ балалар фольклоры.
Балалар поэзиясы: Маусымдық жырлар жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдер. Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік берген кезде қолданылады. Арнау-тілек өлеңдер көбінесе табиғат құбылыстарына негізделіп айтылады. Балалар бұл өлеңдерді жатқа айтып, аспандағы айға, бұлт арасында жасырынған күнге, бұлтқа, сіркіреп жауған жаңбырға, жәндіктердің інін көргенде т.б. арнап айтады. Көбінесе серуен кезінде қолданылады.
Сұрамақтар диалог түрде құрылып келеді, жаттауға жеңіл, көлемі шағын.
Қызықтамалар сюжеті жағынан ертегілерге ұқсас болып келеді. Балаларға қаз қалпында мазмұны түсіндіріледі. Кейіптендіруге де ыңғайлы “Түйе, түйе, түйелер”, “Түлкі, түлкі, түлкішек”
Өтірік өлеңдер шындық пен өтірікті ажырата білуге көмектеседі, тілін дамытады. Осы жастағы балаларға арналған өтірік өлеңдердің құрылысы қарапайым, көбінде төрт жолдан тұратын, көбінде қара өлең үлгісі сияқты қысқа шумақтардан құрылады. Өтірік өлеңмен сипатталатын заттар, жан-жануарлар балаларға таныс болып келеді.
Ойындық фольклор: Тәжікелесулер балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін, сөз өнеріне деген қызығушылығын тудыру үшін пайдаланылады. Көбінесе тәжіке- сауалдар, тәжіке-жұмбақтар жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер, алдамшы тәжікелесулер тіл дамыту сабақтарында, ойын кезінде қолданылады. Бала тәжікелесу арқылы әзіл, қалжынды түсінеді.
Ойынға шақыру жырлары – ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде, балаларды екі немесе одан да көп топтарға бөлуге қолданылады. Сондай-ақ қаламақтардың құрылымы екі егіз жолдан құрылып келетіндіктен балаларды шағын топтарға бөлу кезінде қолдануға өте ыңғайлы. Қаламақта екі нәрсені (затты) тануды ұсынады. Бала өзіне таныс затты тандайды. Тәрбиеші балаларға алдын ала қаламақта қолданылатын сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Санамақтарды халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері өте көп.
Мақал – мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс –тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі, ұрпаққа қалдырған өсиет. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Мақал – мәлелдер оқу тәрбие үрдісінің барлық түрлерінде жұмыс мазмұнына қарай қолданылады. Отан, ел, қоғам туралы, халық туралы, дене мүшелері , адамгершілік туралы, жанұя, туыс, ата-ана туралы, өнер-білім туралы, табиғат, денсаулық туралы мақал-мәтелдер қолданылады.
Жұмбақтар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде балалардың таным – түсініктерін кеңейтеді. Алғашында балалар өздерінің таным түсінігіне лайықты жұмбақтарды шешсе, біртіндеп өз ойларынан жұмбақ құрастырып, өзгелерге шешуді ұсынады.
Жаңылтпаштар көбінесе тіл дамыту сабақтарында баланың дүниетанымын жетілдіру, тілін ширақтыру мақсатында пайдаланылады. Жаңылтпаштардың бірнеше түрлері бар: санамақ жаңылтпаштар, жұмбақ жаңылтпаштар т.б.
Балалар айтысы. мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе үлкендер шығарып берген айтыс үлгілері ұсынылады. Көбінде қыз бала мен ер бала арасындағы айтыс, жан-жануарлар арасында немесе жануарлар мен баланың тілдесуі сияқты айтыс үлгілері пайдаланылады.
Қазақ ертегілері. Қазақ ертегілерінен халқымыздың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі анық көрініс береді және қазақ ертегілері мазмұны жағынан әсерлі, көркем образдарға, фантазияға бай болып келеді, балаларды қуанышқа бөлейді. Сонымен бірге тәрбиелік ықпалы да жоғары. Балаларға арналған қазақ халық ертегілері – баланың ойына қозғау салып, ақыл-ой қызметінің ерте оянып, ерте қалыптасуына септігін тигізеді. Тұрмыс-салт ертегілері арқылы халқымыздың тұрмыс тіршілігімен танысады. “Ер Төстік”, “Қаңбақ шал”, “Хан мен уәзір”, “Екі жетім”т.б. Хайуанаттар туралы ертегілер арқылы жан-жануарлар жайында түсініктер алады. “Арыстан мен тышқан”, “Бес ешкі”, “Қойшы мен аю” т.б. Қиял-ғажайып ертегілері “Үш дәу“, “Алпамыс”, “Ұр тоқпақ”, “Алтын сақа” арқылы қиялы дамиды. Күлдіргі ертегілерге Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы аңыз әңгімелер жатады.
Қазақ балалар фольклорын қолдануға ыңғайлы жағы қарастырылып, ұсынылып отыр.
Салт – дәстүрлер.
1. Балалар тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Сәбидің дүниеге келуін халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра отырып, ойын түрінде ұйымдастыру, бала бойына ұлттық сананы қалыптастырады.
Сәби дүниеге келді. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш әкелетіндігі ойын арқылы көрсетіледі. Сүйінші сұрау балаларға түсіндіріледі.
Сәбидің шілдеханасы. Жас сәбидің дүниеге келген құрметіне арнап, ойын-сауық ұйымдастырылады. Мұнда балалар ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді.
Сәбиге ат қою. Баланың әжесіне, атасына немересінің атын қойғызады.
Бесікке бөлеу. Балаларды бесікпен және оның жабдықтарымен таныстырады. Бесікті аластауды, баланы бөлеуді балаларға көрсете отырып, баланы бесікке бөлеудің пайдасын түсіндіреді.
Бесік жырын айту. Бесік жырын айтудың мәнісі түсіндіріледі. Балалар шағын бесік жырларын жаттап, өздері айтады.
Қырқынан шығару. Халқымыздың баланы қырқынан шығару салтымен таныстырады.
Тұсау кесу. Балаларды тұсау кесу дәстүрімен де таныстырамыз. Тұсау кесуде “Қаз, қаз, қаз”, “Қаз, қаз, балам” жырларын балалар жаттап, бәрі қосылып айтуды үйренеді.
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Бұл той жаз айларында болатынын ескере отырып, атқа мінгізу тойының дәстүрі көрсетіледі.
Жеті атасын білу. Балаларға жеті атасын кімдер екенін түсіндіре отырып, жатқа айтуды үйретеді.
Сүндетке отырғызу. Баланы сүндетке отырғызу туралы ата-аналарға мағлұмат беріледі.
Тілашар тойы. Балаларды мектепке шығарып салу тойы – тілашар тойы тұрғысында өткізіледі. Барлық балабақша кызметкерлері, барлық ата-аналар, балалар қатысады. Қариялар мектеп табалдырығын аттайын деп отырған балаларға бата береді.
Өнер
Бағдарлама бойынша осы жастағы балаларды халқымыздың ежелден келе жатқан өнер туындылары мен де таныстыра кету жөн.
1. Қол өнері. Бейнелеу өнері қол еңбегі сабақтарында он қолынан өнер тамған адамдарды “кім?” деп атайтындығын және осы ағаш шебері ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек тоқушы, тігіншілердің еңбектерімен танысады.
2. Саз өнері. Ән-күй сабағында халық әндерінің би өнері мен күй өнерінің, терме жырларының, ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен балаларды таныстыра отырып, “Дәурен-ай”, “Құралай”, “Бипыл”, “Үкілім-ай”, “Бір бала”, “Елім-ай” әндерін тындайды кейбір әндерді балалар нақышына келтіре орындауды үйренеді. Атақты күйшілеріміз Құрманғазы, Дина, Нұрқиса, Сакен, Кеңес аталарымыздың күйлерімен таныстыра отырып, күйді тындай білуге үйренеді: “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Ата толғауы”, “Адай”, “Көңіл толқыны” т.б. Сонымен қатар терме, жыр туралы түсінік беріледі. Балалар “Алпамыс батыр” жыры, “Қобыланды жырынан” үзінділер тындайды. Ұлттық аспаптармен таныстыруда үрлеп ойнайтын ұлттық аспаптарды, ұрып ойнайтын ұлттық аспаптарды, шертіп ойнайтын ұлттық аспаптардың аттарын атап, ажырата білуді үйренеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив