27
сентябрь
2019
Тіл күні мерекесі
Әуезов ауданы
МКҚК №47 бала бақша
«Ана тілім - ардақтым»
(мектепалды даярлық топтары)
Б/бақша меңгерушісі: Л.М.Заманбекова
әдіскер: А.К.Нұрмағамбетова
қазақ тілі мұғалімі: Э.А.Тулендиева
муз.жетекшісі: Ф.Ш. Өмірзақова
Алматы 2019ж.
Ана тілім – ардақтым.
Мақсаты: балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Зал мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка залына әсем әуенмен кіріп екі топқа бөлініп тұрады.
Жүргізуші: Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде,
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Армысыздар құрметті әріптестер, қонақтар! Бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім – ардақтым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
ҚР Гимні.
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келіпті. Қонақ Англиядан келген:
Қонақ: Хеллоу! Мен Англиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Жүргізуші: Біздің балалар үш тілде оқып үйренеді. (қазақ, орыс, ағылшын) Кәне, балалар қонақпен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсізбе, Здрвствуйте, Хеллоу
Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Англия өте әдемі. Бас қала Лондон деп аталады. Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Жүргізуші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесіне арналған ертеңгілік өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар сізге Қазақстан туралы айтып береді.
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
-Біздің Президентіміз кім?
-Қ.К.Тоқаев
-Біздің елордамыз қалай аталады?
-Нұрсұлтан қаласы
Жүргізуші: Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар тұрады, олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер? (балалардың жауабы)
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы халықтар Қазақстанда тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлей алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Ал қазір, балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.
Анжелика: Туған тілім-бабам тілім-өз тілім,
Туған тілім- анам тілі- өз тілім
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Ислам: Ана тілің- арың бұл, Диас: Ана тілім – ұраным,
Ұятың боп тұр бетте. Ана тілім – құралым.
Өзге тілдің бәрін біл, Ана тілім болмаса,
Өз тіліңді құрметте. Мықты болмас тұрағым.
Максим: Ана тілім – елдігім, Даша Ч: Ақыл-ойын дананың,
Ана тілім – ерлігім. Ана тілден аламын.
Ана тілім болмаса, Ана тілі ардақты,
Бүтінделмес теңдігім. Ақ сүтіндей ананың.
Едіге: Ана тілім бойымда,
Ағып тұрған бұлағым.
Ана тілім бойымда,
Жанып тұрған шырағым.
Айша: Наш Казахстан-наш край родной
Живем мы здесь большой семьей
Здесь есть родные и друзья,
Учителя-дают нам знанья!
Хотим мы знать, читать, писать,
Ну и конечно поиграть!
Здесь садик милый мой большой,
47-й сад- мой дом родной!
Жүргізуші: Балалар биыл ұлы ақын А. Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай Ариша мен Лейла бізге Абай атамыздың өлеңдерінен үзінді жаттап келіпті, кәне тыңдайық.
Ариша: Әсемпаз болма әрнеге, Лейла: Құлақтан кіріп бойды алар,
Өнерпаз болсаң арқалан. Жақсы ән мен тәтті күй.
Сенде бір кірпіш дүниеге, Көңілге түрлі ой салар,
Кетігін тапта, бар қалан! Әнді сүйсең менше сүй.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендігі кезекте Абай атамыздың әні: «Көзімнің қарасы»
Жүргізуші: «Сөз мәйегі- мақал», демекші енді балалар, үш тілде мақал-мәтел айтайық.
Айдана Қ: Ештен кеш жақсы.
Лучше поздно, чем никогда.
Better late, than never. (Бетте лейт, зэн нэвэ)
Жібек: Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Having friends is better than having money. (Хевинг френдс из бэтте зэн хэвинг мани)
Ксения: Еңбексіз өнбек жоқ.
Без труда нет плода.
No pais, no gains. (Нөу пейс, нөу гейнс)
Сауран: Денсаулық – зор байлық.
Здоровье – дороже денег.
Good health is above wealth. (Гуд хэлз из эбав уелз)
Вова: Білімі саяздың адымы тар.
Незнание приносит вред.
Little knowledge is dangerous thing. (Литл ноулидж из денжероуз синг).
Жүргізуші: «Ұйқасын тауып, тіл үйрен!» дейді, олай болса балалар сөзге қазақша, орысша, ағылшынша ұйқас тауып көрейік.
1. Үйірме-кружок 4. Горох-бұршақ
Секіру-прыжок Кукла-қуыршақ
2. Бала-мальчик 5. Мальчик-боу
Саусақ-пальчик Ойыншық-тоу
3. Сладкий-тәтті 6. Красный-ред
Твердый-қатты Плохой-бед
Ойын: «Шаңырақ»
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!
Жүргізуші: Ана тілім –қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
«Тіл- ұлт тірегі» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды, көріскенше күн жарқын болсын!