» » "Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

 
 
 

"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

Автор: admin от 20-02-2017, 04:39, посмотрело: 533

0
Кел жаңа жыл!

Ақшақар шығады, тақпақ айтады.
Ғазиза:
Армызсыздар, халайық!
Бармысыздархалайық!
Жаңажылдажұпжазбай,
Біргеқарсыалайық.
Балаларды мерекеге шақырады.Балалар кіреді, шыршаны айналып тұрады, би билейді.
Би: “Жаңажыл!”
Ән: «Жаңа жыл»
(балалар орындыққа отырады)
Жүргізуші: -Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін залдың ішіәдеміболыпкетіпті. Төрдежарқырағанойыншықтарменбезендірілгеншыршатұр. Бізқандаймерекегекелдік?
Балалар:- Жаңажылмерекесінекелдік!
Жүргізуші: -Иә, дұрыс айтасыңдар! Қаршақызбіздіжаңажылмерекесіне шақырды. ЕндіҚаршақызбенбіргеәншырқап, би билепмерекенітойлайық.
Жомарт:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайдықұсдеген
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңдытістеген.

Әлихан Ш.:
Қандайқызыққысдеген
Бәріншеберістеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояғанақтүспенен

Сезім:
Жапалақтапақшақар,
Жаудыкүндеқайталап,
Қырғашықтыбалалар,
Шаңғыларынарқалап.

Мирас:
Айналамдаұшыпжүр,
Ақмамыққарсебелеп,
Қалт-құлтеткенбейнебір
Ақ қанатты көбелек.
Баян:
Өстіп, мінеқыстүсті,
Бола қалды дала аппақ,
Қар лақтырып үсті –үсті,
Балаларжүрайқайлап.
Алдияр:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Алина:
Келді міне, Жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз,
Күліп, ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Жүргізуші: -Қарщақыз, қазір өзіңмен бірге “Қарша қыз бен балалар” әнін айтайық.
Ән: “Қаршақыз бен балалар”
(орындықтыңқасындатұрыпайтады)

Жүргізуші: Балалар, ендіАқшақарменойынойнайық.
(Қардыортағашашады)
Ойын: “Қар”
Қаршақыз:1.- Қыздар ойынға шығыңдар!
2.-Жігіттер, сендерді де ойынғашақырамын!
Жүргізуші:-Осы қардан не жасауғаболады?
Балалар:- Аққала
Жүргізуші: -Кәне, ендеше осы қарданаққалатұрғызайық.
(Қардыжинапаққалатұрғызады. Балаларотырады)

Жүргізуші:- Мінекреметқандайәдемі аққала! Жарайсыңдар!

(жарық өшеді. Аққалакіреді)
Аққала(Анар): -Сәлеметсіздерме, балалар! Қандайқуаныштымын, меніөзқолдарыңменқардантұрғыздыңдар. Алғысымшексіз!

Жүргізуші: -Ой, балалар, қараңдаршы! Аққаламызсиқырланып, жанбітіп, нағызАққалағаайналды. –Қош келдің, Аққала! Балаларсеніөтежақсы көреді. Өзіңеарнаптақпақтаржаттады.

Х. Әлихан:
АуылалдыАқшақар,
Ақшақардабалалар.
Кіп–кішкентайбопқана,
Соғыпжатыраққала.

Асылкеней:
Аппақкүміс бар әлем,
Зымырайдышанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамызаққала.

Артем:
Бұлшырша, шырша,
Қуаныш жалпыға
Сүйіктішырша
Жарқыра, жарқыра!

Элина:
Сұлушыршажанында,
Ән салайық жаңаша
Алақай, алақай!
Қолсоғайықбалақай!

Нұртілеуәлі:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.



Диана:
Жаңадан тақпақ,
Айтамыз жаттап,
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Аққала:-Рахмет балалар! Тақпақтарыңжақсыекенризамын! Енді мен сендердісолтүстік өңірден келген қонақтар пингивиндермен билеуге шақырамын.
Би: «Пингивиндер»
Аққала: (шыршаға қарап)-Балалар, мына шыршаның шамдары әлі жанбапты ғой. Шырша шамын кім жағуы мүмкін.
Балалар: -Аяз ата
Аққала: -Ендеше, Аяз атаны шақырайық!
Балалар: -Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Аяз ата: -Есік сыртынан) Естідім, естідім
Армысыздар ұлдарым,
Армысыздар қыздарым!
Асулармен алысқан,
Асу жолмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: -Аяз ата амансың ба? Біз сені сағынып күтіп отырмыз. Қош келдіңіз ортамызға.
Аққала:-Армысыз, Аяз ата! Аяз ата біз шырша шамдарын қалай жағуды білмей тұрмыз. Енді өзіңіз жағып беріңізші.
Аяз ата:-Жарайды жағайын! (таяғымен жағуға тырысады, жанбайды) Жан –жағына қарайды. –Қап, неге жанбайды? Ааа, таяғым су болып қалыпты ғой!(гномдарды көреді) –Оу, мұнда менің кішкентай көмекшілерім отыр екен ғой. Кәне, сендер көмектесіңдер.
(Шамдарды ортаға қою)
Би: «Гномдар»
Би аяқталғанда Гномдар шырша түбіне шамдарын қалдырып отырады. Шырша тағы жанбайды.
Аяз ата:-Шамдар әлі жанбайды ғой. (ойланады) Ә, таптым, таптым, балалар сиқырлы сөз айтайық.
Балалар:-Шырша, шырша жан (3рет қайталағанда жанады)
Аққала:-Міне, тамаша шыршаның шамдарын жағып айналамыз жарқырап кетті.
Жүргізуші: -Рахмет, Аяз ата! Енді балаларыңыхздың өзіңізге арнаған өнерларін тамашалаңыз.
Ән: «Аяз ата»
(шыршаны айнала) ән біткенде балалар отырмайды)
Аяз ата: -Мен жолдан шаршасам да, балалармен ойнаудан шаршамаймын. Менің таяғым өте суық. Кімнің қолы таяққа тисе, қолдарын тоңдырып тастайды. Балалар байқап көреміз бе?
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата бізбен ойнағысы келеді. Ойын «Қатырамын» деп аталады. Ойын шарты түсіндіріледі.
Ойын: «Қатырамын»
Аяз ата ойын ойнап шаршайды.
Аяз ата:-Ой, балалар, бәрің епті, әрі жылдам екенсіңдер. Таяқтың ұшы ешқайсысына тимеді. Уһ! Шаршамаймын деп едім, бірақ шаршап қалдым.
Жүргізуші: -Аяз ата отырыңыз. Дем алыңыз, қазір балалар өз өнерлерімен сіздің көңіліңізді көтереді, шаршағаныңызды басады. Кәне, балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

Жанель:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

Айлин:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!

Жандос:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.



Камила:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.

Әділ:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Вика:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Таир:
Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.

Ақниет:
Кел, балалар тақпақты ,
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.

Тамила:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Дархан:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Бексұлтан:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.

Коралина:
Аяз ата тыңдаңыз,
Тақпақ айтып берейік.
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге күлейік.

Адиа:
Біздің Аяз атада,
Дорба толы кәмпит бар,
Ал біздің тобымызда,
Шырша толы ойыншықтар.

Ева:
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған,
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.

Жүргізуші:- Кәне, көңілді шыршалар Аяз атаға билеріңді билеп беріңдерші.
(Қолдарына шашақтар таратып беру)
Би: «Шыршалар және Ақшақарлар»
Аяз ата: -Жарайсыңдар, шыршалар, рахмет сендерге!
Жүргізуші:- Ал, кәне балалар ортаға шығып «Ақшақарлар» әнін айтайық.
Ән: «Ақшақарлар»
Аяз ата:-Ән тыңдадық,
Шын көңілмен қуандық,
Мерекені бітірейік,
Қайдасың қызым кетелік.
Ж.ргізуші:-Аяз ата, ал мына балаларыңызға сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата:-Қап, асығып жүріп орманда қалдырып кетіппін.
Аққала:-Ата мен барып алып келейін. (Аққала шығып кетеді, осы кезде мешокпен сыйлықтар шығып жүгіреді, артынан балапан қуып шығады)
Балапан: -Ұстаңдар, көмектесіңдер!
Тауықтар шығып барлығы мешокты ұстауға тырысады.
Би: «Көңілді балапандар»
Аяз ата:- Рахмет қарақтарым! Міне, балаларым, Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл елімізге құт, береке әкелсін! Дендерің сау, бақытты болыңдар!
Жүргізуші:- Құрметті қонақтар кіріп келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, шаттық, молшылық тілейміз. Ал мына сыйлық толы қапты өзімізбен бірге топқа алып кетеміз.

Категория: Утренники

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *