30
ноябрь
2017
Ашық есік күні бақшамызда
28 қараша күні біздің Әуезов ауданы № 47 балабақшада “Біздің бақшада көңілді” деген атпен ашық есік күні болып өтті. Бұл мереке бала бақшамыздың құрылғанына 46 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Балабақша фойесінде алдын ала тапсырмамен ата аналардың қолдарымен жасалынған қабырға газеттері ілінді. Таңертеңнен бастап ата аналар ағылып келе бастады, ертемен бала бақшаның күн тәртібін бақылап таңғы , түскі, бесін тамақтың дәмін татып өз пікірлерін ата аналарға арналған кітапшаларға жазып қалдырып жатты. Қонақтарды бала бақша меңгерушісі Гүлжахан Тоқташбайқызы Беспаева қарсы алып, жылы лебізбен пікірлесіп жатты. Осы қуаныштың үстіне қонақ болып Республикалық отбасылық “Игілік” журналының бас редакторы, Әуезов ауданы “Нұр Отан” партиясының саяси мүшесі Меруерт Әбдірайымқызы Айтенова келіп, балабақшаның тыныс тіршілігімен танысты. Ата аналар сонымен қатар оқу қызметтеріне, ойындарға, серуенге қатысып, балалармен бірге ойнап қуаныштарын бөлісті. Осындай іс шараларды ұйымдастыруға педагогтарымыздың да қосқан үлесі аз емес. Айтар болсақ әдіскерлер Курбатова М.В., Заманбекова Л.М. музыка жетекшісі Шамрова Э.П., тәрбиешілер: Кожахметова С.Ш., Жайназарова Б.З., Берімбет М.Ж. Кегенбаева Б.Д., Нурмагамбетова А.К., Заманбекова А.М., Малгаздарова А.К., Тулендиева Э.А., Ысқақова А.Қ, Ташмұратова А.Т. Бір күнге созылған іс шарамыз кешкі жалпы ата аналар жиналысымен өз мәресіне жетті. Гүлжахан Тоқташбайқызы бүгінгі іс шараға қатысқан ата аналарға ризашылығын білдірді, соңынан бүлдіршіндердің дайындаған қойлымын тамашалап ризашылықпен тарасты.