Тулендиева Эльмира Айтмолдаевна » КГКП Ясли сад № 47
Коммунальное государственное казенное преприятие
«Ясли-сад №47»
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 309-06-99
Телефон бухгалтера:
+7(727 )309-07-99
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Тулендиева Эльмира Айтмолдаевна
11
февраль
2022

Тулендиева Эльмира Айтмолдаевна




ЭССЕ: «Мамандығым – жан азығым»

Т.Ә.А: Тулендиева Эльмира Айтмолдаевна

Туған күні: 27.12.1978ж.

Білімі: жоғары педагогикалық

Жұмыс орны: МКҚК «№47 бала бақшасы»

Қызметі: қазақ тілі мұғалімі

Педагогикалық жұмыс өтілі: 15 жыл


Педагогикалық ұстанымым:

«Шығармашылық жұмыста алға қойған мақсатқа әр уақытта жету»

    Ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады.
 Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
       Ал 
қазір мен «Мектепке дейінгі мекемеде, орыс топтарына қазақ тілі мұғалімімін». Мұғалім болу - жәй ғана мамандық емес. Оның ішінде басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тіліміз қазақ тілін үйрету үлкен жауапкершілікті, орасан зор еңбекті талап етеді. Ақын ағамыз ҚадырМырза-Әлі айтқандай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей, біз қазақ тілі мұғалімдері өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілімізді үйретуді, салт-дәстүр, құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіре білуіміз қажет. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Ендеше, бүгінгі білім мен біліктілік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.  Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде біз мұғалімдердің қосатын еңбегі орасан зор. Сондықтан да мен өз мамандығымды бар жан-тәніммен жауапкершілікті сезіне отырып, жақсы көремін. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив