18
январь
2016
"Зере әжеге қонаққа бару"
Әуезов ауданы
№ 47 балабақша
Ұйымдастырылған ашық оқу іс –әрекеті
Тақырыбы: “Зере әжеге қонаққа барамыз”
Өткізген әдіскер –тәрбиеші:Заманбекова Л.М.
Алматы қаласы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Топ: Даярлық тобы Тәрбиеші: Заманбекова Л.М.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Зере әжеге қонаққа барамыз»
Білім көздері: Тіл дамыту, Сауат ашу, Жапсыру.
Мақсаты: Балаларды өз еліне,жеріне,туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып,ата-баба дәстүрі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.Балаларға ою - өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімділікті құра білуге үйрету.Әр түрлі ойындар арқылы балалардың сөздің қорын, танымдылығын айнала қоршаған ортасын, шығармашылығын одан әрі кеңейту.
Сөздік жұмыс: тыштыма, бесікке салу,
Іс-әрекет
Бөлімдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Сезімді ояту Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, көк аспан.
Қайырлы таң, жер ана,
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң, достарым.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Сәлем, Сәлем, Сәлем.
Балалар біз бүгін аулымыздың анасы,даналы сөздің де шебері,ұлтымыздың қолөнерінің де шебері Зере әжейдің үйіне қонаққа барамыз.
Қане балалар біз барған соң Зере әжемен қалай амандасамыз.
Онда бәріміз саяхатқа дайындалайық.
Олай болса бәріміз дөңгелене отырып, көзімізді жұмып, күй әуенімен тербелейік.
(Даналық кітаптан «Сарыарқа» күйі ойналады)82 бет
Балалар залға кіріп, шеңбер жасап тұрады.
Шаттық шеңберін қимылмен көрсетіп айтады.
-Амансыз ба әжей.
-Сәлем бердік әже т.б
Балалар малдас құрып, көздерін жұмып күй әуеніне елітіп көздерін ашқанда алдарында отырған Зере әжені көреді.
Әжемен амандасады.
Ұйымдастыру
-іздестіру Зере әже алдарынан шығып:
-Өркендерің өссін,талаптарың өрлей берсін деп қарсы аладыТөрлетіңдер балалар!
(осы кезде даладан бір бала сүйінші сұрап келеді)
-Сүйінші әже.сүйінші кіші келініңіз босанды немерелі болдыңыз!
Зере әже: О,айналайын, мә сүйіншің жақсылық хабарың үшін міне батам! Өмірің ұзақ болсын өркенің өссін балам! Міне «құтты қонақ келсе қой егіз табады» деді атам қазақ.Балалар сендердің қадамдарың құтты болды,дүниеге немерем келді рахмет сендерге.
Тәрбиеші:Біз сізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтағалы келген едік жақсылық хабардың үстінен түстік, біздің де сізге сыйымыз бар.Олай болса айтыс өнерінің бір үзіндісін тамашалайық
Зере әже:Ой ,балалар өнерлерің өрге жүзсін! Мені бір қуантып тастадыңдар.Енді сендер менің немеремнің бесікке салу рәсімін көріп, тыштымасынан ауыз тиіп кетіңдер.
Зере әже:Әкеліңдер немеремді(Бесікке салу рәсімін көрсетеді)
Балалармен қосылып «бесік жырын» айтады
Тәрбиеші: Балалар Зере әжеге киіз үйді қалай құрастыратынымызды көрсетейік.
Ойын: «Киіз үйді құрастыр».
Ал енді балалар біздер "Асық ойынын " ойнайық. Мына дорбаның ішінде нөмірленген асық тұр. Осы асықты алып, интерактивті тақтаға көңіл аударайық.
Бірінші сұрақ:
«Мақалды аяқта»
Отан...
Жер –ырыстың кіндігі,
Ұяда не көрсең,
Әке-асқар тау,
Екінші сұрақ:
«Сөз ойла, тез ойла»
Тарақ, алма, лақ,
Үшінші сұрақ:
«Оюлардың түрлерін ата»
Тәрбиеші: Әже, біздің балалар сіздің киіз үйіңізге арнап, оюлардан әр түрлі кілемше, түскиіздер жасап бермекші қабыл алыңыз.
Алдымен бой сергіту жаттығуын орындап алайық.
Музыканың көмегімен сергіту жаттығуы.
Балалардың алдына төрт топқа бөліп желім, қайшы, түрлі –түсті қағаздар беру.
ере әже:Ой балапандарым,өте ақылды өнерлі,мейрімді екенсіңдер.Мен сендерге бата беріп жіберейін
Әлемнің бетін жарық ет
Ұл-қызды түгел білімді ет
Ақылың ассын
Ықыласың тасысын
Балабақшаларыңа шаттық үйірілсін
Достарың көп болсын!
Тәрбиеші:Зере әже сізге көп рахмет біз енді саяхатымызды аяқтаймыз.
Әліде Зере әжейдің үйіне қонаққа келеміз ғой балалар жарай ма?
Келесі жолы «Тұсаукесер»тойына келейік.
Қане балалар Зере әжеймен қоштасайық
балалар әженің қасына барып отырады.
Айтыс:
Ұлан
Тәуелсіздік тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс-айтыс болады
Айтысқанда теңімен
Тілек:
Айтыс айтыс болады
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Ұлан:
Е-е-ей,Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қоса алдың ба мән беріп
Қанша болды санап көр.
Тілек:
А-а-хау Бірге қосса төртті бес болады ау,
Оны бәрі біледі,
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін.
Әлди-әлди абайым
Атқа тоқым жабайын,
Сендей тәтті баланы
Қайдан іздеп табайын.
Айналайын баладан,
Тауып алған даладан,
Далада бала жата ма,
Түсіп қапты шанадан.
Бір –екі бала шығып киіз үйді құрастырады.
Балалар нөмірленген асықтарды алып, оның сұрағын тақтадан көреді.
Отбасынан басталады.
Білім –ырыстың тізгіні
Ұшқанда соны ілесің.
Ана-етегіндегі бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ.
Сөздерге сөйлем құрастырады.
Суреттегі оюлардың аттарын атап береді.
Жаттығуды орындайды.
Балалар төрт топқа бөлініп, ватман қағазға түрлі –түсті қағаздардан оюларды қиып, өрнектерді жапсырады.
Дайын болған жұмысты әжеге тарту етеді.
Батаны қабыл алады.
Балалар:Қош болыңыз әжей
-Сау болыңыз!
Рефлексивті-
түзетушілік Тәрбиеші:
Кәне, балалар тобымызға оралу үшін көзімізді жұмып, терең дем алайық та, көзімізді ашайық, міне өз тобымызға да жеттік.
-Бүгін біз қайда бардық?
-Зере әженің ауылында қандай дәстүрді көрдік?
-Сендерге ұнады ма?
-Өздерің жасаған жұмыстарың ұнады ма?
- Жарайсыңдар! балалар
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ме екенсің
Бармақтарың майысып
Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің - деп бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс -әрекетімізді аяқтайы, қонақтарға қош айтысып, әженің берген тыштымасынан топқа барып ауыз тиейік.
Балалар көздерін жұмып ашқандарында топтарында отырғандарын көреді.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балаларды өз еліне,жеріне,туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып,ата-баба дәстүрі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Нені игереді:
ою - өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік алып, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімділікті құра білуді игереді
Нені біледі:
Әр түрлі ойындар арқылы балалардың сөздің қорлары дамып, танымдылығын айнала қоршаған ортасын, шығармашылығын одан әрі кеңейеді.