15
май
2018
“Бесікке салу” қазақ халқының салт дәстүрін 1- ші кіші топта көрсету.
“Бесікке салу” қазақ халқының салт дәстүрін
1- ші кіші топта көрсету.
1- ші кіші топта көрсету.
Мақсаты:Балаларға ұлттық салт дәстүрді дәріптеу, таныстыру.
“Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ” жобасы аясында бүгін бала бақшада Наурыз мейрамына арнап “Бесікке салу” қазақ халқының салт дәстүрін
1- ші кіші топта көрсетті.
Халқымыздың сан ғасырлық тыны-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылығаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы.
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала - өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан. Сол дәстүрді бүгін кіші топтың тәрбиешісі Заманбекова Анар Мырзабекқызы ата- ана Түменбаева Гулия Сембайқызымен бірге балаларға Наурыз мерекесі қарсаңында тамаша етіп көрсете білді. Барлық рәсімдерін жасап, балаларға Бесік жырын айтып берді. Балалар бесік жырын тыңдап, Злиха Дахасқызының шашқан шашудан түскен кәмпиттен ауыз тиіп, мерекені көңілді өткізе білді.
[center]