Кел,Жаңа жыл! » Страница 8 » КГКП Ясли сад № 47
Коммунальное государственное казенное преприятие
«Ясли-сад №47»
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 309-06-99
Телефон бухгалтера:
+7(727 )309-07-99
Нашар
көрушілер нұсқасы
12
январь
2018

Кел,Жаңа жыл!

Кел,Жаңа жыл!
Кел,Жаңа жыл!
Кел,Жаңа жыл!
Кел,Жаңа жыл!
Кел,Жаңа жыл!




Кел,Жаңа жыл!

Қаршақыз шығады.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
Құрметті Әріптестер, балалар, қонақтар Жаңа Жыл құтты болсын!
Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін!
Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін.
Жаңа Жыл әрбір шаңырыққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Балаларды мерекеге шақырады. Балалар кіреді, шыршаны айналып тұрады, би билейді.
Би: «Жаңа Жыл!»
(Балалар орындыққа отырады.)
Жүргізуші: -Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін залдың іші әдемі болып кетіпті. Төрде жарқыраған ойыншықтармен безендірілген шырша тұр. Біз қандай мерекеге келдік?
Балалар: -Жаңа Жыл мерекесіне келдік!»
Жүргізуші: - Иә,дұрыс айтасыңдар! Қаршақыз бізді Жаңа жыл мерекесіне шақырды. Енді Қаршақызбен бірге ән шырқап, би билеп мерекені тойлайық.
Ән: «Қарша қыз бен балалар»
Балалар: Аппақ, аппақ Қаршақыз,
Аппақ, аппақ айнала.
Сені күтіп жүрміз біз,
Келші бізбен ойнашы.
Қаршақыз: Қыс қызығын тойлаңдар,
Қар атысып ойнаңдар.
Аппақ қармен бибилеп,
Маған еріп жүріңдер.
Балалар: Әппақ қарды аламыз,
Қаршықтарды жасаймыз.
Кане, қарды лақтырып
Қаршақызбен ойнаймыз.
Жүргізуші: - Балалар енді қармен ойын ойнайық.
(Қарды ортаға шашады.)
Қаршақыз: Қыздар, қыздар келіңдер,
Дәлдеп ұрып көріңдер.
Жүргізуші: Ұлдар, ұлдар тұрыңдар,
Қыздарды қармен ұрыңдар.
Ойын: «Қар»
Жүргізуші:-Осы қардан не жасауға болады?
Балалар: -Аққала.
Жүргізуші: - Қане ендеше осы қардан аққала тұрғызайық.
Қарды жинап, аққала тұрғызады. Балалар отырады.
Жүргізуші: - Міне керемет қандай әдемі аққала! Жарайсыңдар!
Жарық өшеді. Аққала кіреді.
Аққала: - Сәлеметсіздерме,балалар! Қандай қуаныштымын,мені өз қолдарыңмен қардан тұрғыздыңдар. Алғысым шексіз!
Жүргізуші: -Ой, балалар, қараңдаршы! Аққаламыз сиқырланып, жан бітіп, нағыз Аққалаға айналды. -Қош келдің,Аққала! Балалар сені өте жақсы көреді.
Аққала: -Рахмет,балалар! Енді мен сендерді биге шақырамын.
Би: «Қоңырау» Ұлдар биі
Аққала:(шыршаға қарап). - Балалар, мына шыршаның шамдары жанбапты ғой. Шырша шамын жағайық.
Аққала сиқырлы таяғымен шырша шамын жағады.
Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы шыршамыз жанды, енді біз Аққалаға ән айтып берейік.
Ән: « Сұлу шырша»
Сұлу шырша жанында
Ән салайық жаңаша.
Алақай, алақай,
Қол соғайық балақай. 2-рет.
Жалт-жұлт еткен мұздары,
Аппақ ұлпа қарлары.
Алақай, алақай,
Қол соғайық, балақай. 2-рет.
Жүргізуші: Кәне Балалар ойын ойнайық, орман аңдарының жүрісін салайық. Біздің ортамызда қояндар бар екен ендеше қоян болып секірейік.
Ойын: «Аңдар жүрісін салайық»
( Аю, қоян, түлкі, қасқыр)
Жүргізуші: Кәне балалар жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді.
Балалар: Аяз Ата!
Жүргізуші: Балалар қараңдар, Аяз Ата бізде қонақта.
Аяз Ата бізге көп сыйлықтар әкеліпті.
Ендеше Аяз-Ата әнін айтайық.
Ән: « Аяз Ата.»
Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай сыйлық бар екен-ей.
Арқалаған қабында?
Қаптың аузы ашылды.
Ойыншықтар шашылды.
Аяз Ата би билеп-ей
Әнімізге қосылды.
Сақалының ұзын ай,
Саудыраған мұзын-ай
Жарқыраған оттары-ей,
Жаңа жылдың қызығы ай.
Жүргізуші: Кәне қазір бізге қыздар өз өнерлерін көрсетеді.
Би: Қар бүршектері. (Снежинка)
Жүргізуші: Балалар кәне біз ескі тауық жылын шығарып салайық.
(Ескі жыл кіреді)
Ақниет-ескі жыл:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Тауық: Балалар менің жылымның бітуіне аз ғана уақыт қалды, енді сендердің сенімді көмекшілерің ит жылы болады.
(Ит жылы шығады, шанаға салып алған сыйлықтары бар)
Дархан – жаңа жыл:
Жүзімде қуаныш,
Әр көңілде –жақсы үміт,
Келе жатқан жаңа жыл,
Әкелсін көп жақсылық.
Жүргізуші: Қош келдің, Жаңа Жыл! Төрлетініз, төрімізге шығыңыз.

Жаңа Жыл: Балалар менімен бірге менің достарым сендерді құттықтауға келді.
( Қораптан иттерді шығарады)


Жүргізуші: - Жаңа жыл елімізге, жерімізге, баршамызға құт, береке алып келсін! Осымен сіздерге арналған мерекелік кешіміз аяқталды.
Балалар залдан музыкамен шығады.

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі: Гүлжахан Тоқташбай қызына беріледі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив