20
февраль
2017
Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға арналған қысқы ойын –сауық Тақырыбы:«Қыс қызығы»
«Қыс қызықтары»
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты:балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көзжеткізу. Бүкіләлемдік 28- ші универсиадаға деген балалардың қызығушылығын тудыру.
Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар, қарлар, шелек,
Ойын - сауық барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).
Қыс мезгіліне арналған балалардың тақпақтары:
1-бала:
Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
2-бала:
Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
3-бала:
Даладақарборайды,
Ақмамыққаорайды.
Мұзболады - қатады,
Жып - жылтырбопжатады.
Аралайдыбақшаны,
Үзілмейдіжақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсыжаусынақшақар.
Сол кезде Қыс шығады.
Қыс: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)
Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?
І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
ІІ. 2 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.
ІІІ. 3-ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр».
Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
ІV 4-ші ойын: «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып,кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)
Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік.
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!
Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті.Әділқазы мүшелеріне сөз береміз. Диплом тапсыру.