Чунга Чанга аралындағы жаңа жылды қарсы алу. » Страница 6 » КГКП Ясли сад № 47
Коммунальное государственное казенное преприятие
«Ясли-сад №47»
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 309-06-99
Телефон бухгалтера:
+7(727 )309-07-99
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Чунга Чанга аралындағы жаңа жылды қарсы алу.
11
январь
2018

Чунга Чанга аралындағы жаңа жылды қарсы алу.

Чунга Чанга аралындағы жаңа жылды қарсы алу.


Чунга Чанга аралындағы жаңа жылды қарсы алу.

Шырша экран артына жасырылған. Экранда аралдың суреті қойылған. Көңілді фонограмма естіледі. Негір балалар жүгіріп шығып билейді.
Ән: «Чунга -чанга»
Балалардың қолдарында ойнауға арналған үлкен ананас. Жүргізуші тайпа басшысы кіреді де ананасты ұстап алмақшы болады бірақ ол экранның арт жағына ұшып кетеді де, самолеттың құлаған үні естіледі жарылыс, шам сөнеді. Экранда жұлдызды аспан. Аяз ата шанамен сырғанап, салюттер атылады. Балалар жүгіріп жерге отыра қалады. Экран көтеріліп шырша ашылады. Балалар бір- бірлеп таяп келіп тақпақ оқиды.
Камила:
Қараңдаршы мынау шыршаға
Бәрі жасыл инелі
Моншақтар да, ойыншық та осында
Фонарлармен көмкерген.

Әлихан Ш.:
Ақ қыс келіп сән құрды
Тау -далаға жараса
Әйнектердің сан түрлі
Әшекейі тамаша
Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «бәрің көр мені»
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып.

Айару:
Қараңыз мынау шыршаға
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
Балалар да көңілді
Би билеп ән салады
Жаңа жыл жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып.

Асанәлі:
Шырша қандай керемет
Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары
Бүкіл қызық тірілген
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын жарқын ән салып
Жалғасады жырға -жыр.

Есіктен Аяз атамен Ақшақар кіреді.
А.а: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қыздар менен ұлдар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Бірақ сол бір көңілсіз жағдай болып тұрғаны, мерекеге келе жатып, мына бір затқа соғылысып қалдым, бұл кімнің ойыншығы кім бұзықтып жасап тастап кеткен. (ананасты көрсетеді)
Жүрг: Балалар бұл келген қонақ кім екен?
Балалар:
Тамилла:
Кім келген?
Не әкелді?
Ақсақалды атамыз
Қонағымыз ол біздің.

Алихан Х.
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Кімболды екен бұл келген?

Ақшақар:
Бұл біздің Аязата! Ертегідегі мейірімді атамыз, Сендерге келді бұғымен, Не үшін? Сыйлықтарды беруге бөбектер мен оның достарына. Оны балалар қатты күтеді, Атамыз жылына бір рет келеді, сыйлықты да мол әкеледі.

А.а:
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным.
Өміргүлім шалғыным,
Тілегенім жыл бойы
Сендердің ден саулығың
Амансың ба ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Жүргізуші: Аяз ата? Ақшақар? Жаңа жыл? Бұл өтте өте қызық болатын шығар. Балалар, бізге осындай тамаша қонақтар келгені қандай жақсы болды.Енді біз осы туралы барлығын да білетін боламыз.
А-а: Сонда сендер ешқашан жаңа жылды қарсы алып көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
А-а: Ал олай болса жақынырақ тұрып менімен бірге ән шырқайық.
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: Аяз ата сіз туралы өлең де құрастырып жіберді тыңдағыңыз келе ме?
Айлин:
Кел балалар, тақпақты,
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.

Мирас:
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан
О, алақай Аяз ата
Келіп жетті алыстан.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, әке-шеше,
Құтты болсын жаңа жыл

Жомарт:
Аяз ата, Ақшақар,
Бақшамызға келіңдер,
Бізбен бірге би билеп,
Тамашаны көріңдер.
Ескі жылға құрметпен,
Айтамыз біз мың алғыс
Жаңа жылды қарсы алып,
Бір бірімізге тілейік те мол табыс.

Сезім:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып,
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.

Ернар:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Қыздар Биі:
А-а:
Сендер маған тамаша тақпақ пен би сыйладыңдар, тамаша олай болса кәне менімен бір ойын ойнап жіберіңдер.
Ойын: «Бананды қағып ал»
(екі ата ана жіпке тізілген банандарды ұстап тұрады балалар келген кезде жоғары көтеріп қалады бала секіріп қағып алу керек)
Жүргізуші: Тамаша, солай емеспе балалар?
Аяз ата: Ой қаншама қысқы тамаша қызықтар бар, Ақшақар қызым солай емес пе?
Ақшақар: Иә ата, алдымен балалар менімен өлең айтсын.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Қандай тамаша ән, Рахмет саған Ақшақар, біздің балаларымыз жаңа жыл туралы көптеген тақпақтар біледі тыңдап көрейік.

Асылкеней:
Келі тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді,
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Жанел:
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен,
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір,
Жарқын жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.


Баян:
Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бораны,
Ақ көрпеге орады,
Ақ қар байтақ даланы.
Аяз шымшып қояды,
Суық та аздап болады,
Туған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.

Аяла:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Мүсілім:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып –жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар!

Жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар, балаларымыздың орындауында тамаша биді қабыл алыңыздар!
Топпен би:
Аяз ата: Балалар мен бір ертегіні білуші едім кәне мен сендерге айтып берейін құлақ салыңдар бәрің маған.
Ертегіден көрініс:
Ертегіші Аяз ата:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да:
Қоян : Алдияр
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп ойнап,
Көп қызыққа батамыз.
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба паң аю!
Аю: Бексұлтан:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып сергідім,
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.

Қоян: Жаңа жылдың тойында
«жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып билейді. Сол кезде қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі Аруназ:
Қояндарға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым жыл келді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю, қояндар, түлкі бірге билей жөнеледі. Осы кезде орталарына кірпі келеді.
Кірпі Алихан Н:
Сәлем достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық,
Қоян келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда тиін келеді.

Тиін Артем:
Тра- ля- ляй! Тра- ля- ляй!
Өнершіл аңдар ай
Өңкей паңдар, тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне басыңдар
Бәріңізге бір сәлем!
Бәрі: Сәлем, тиін!
Жақсы ақ биі!
Бәрі қосылып билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр Айбар:
Армысыңдар! Бармысыңдар ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын тойлайық.
Бәрі: жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Музыкамен бәрі билейді.
Барлық бала хормен:
Жаңа жылдарыңызбен!

Аяз ата: О, балалар сендерге көп рахмет, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдыр!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің балаларымыздың өнері мұнымен әлі бітпейді.
Тақпақтар:
Элина:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине,
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.

Инкар:
Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде болсын тыныштық,
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.

Серікнұр:
Аңсаған қыс келді,
Жауды көп ақша қар,
Әппақ, ақ түске енді
Жайқалған бақшалар.
Тамаша сый алып,
Келі Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Ән: «Уақыт мол бөлеміз»
Ұлдар би
Ағылшын тілінен жаңа жылға құттықтау, өлең
Тақпақ: Аруназ, Аяла, Жомарт, Н.Алихан, Асанәлі, Мирас
Ақниет-ескі жыл:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Тауық: Аяз ата менің жылымның бітуіне аз ғана уақыт қалды, енді сенің сенімді көмекшің ит жылы болады.
(Ит жылы шығады, шанаға салып алған пальмасы мен сыйлықтары бар)
Дархан – жаңа жыл:
Жүзімде қуаныш,
Әр көңілде –жақсы үміт,
Келе жатқан жаңа жыл,
Әкелсін көп жақсылық.
Балалар хормен:
1-бала: Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,
2-бала: Балалар мен жастарға бәрімізге,
3-бала: Ашық аспан астында ойнап күлсек,
4-бала: Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,
5-бала: Алланың нұры жаусын әр үйге,
6-бала: Жақсылықты тілеймін бар әлемге,
7-бала: Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,
8-бала: Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
Бәрі бірге: Келе жатқан жаңа жылымыз құтты болсын!

Балалар Аяз атамен қоштасады.
Жүргізуші: Ал біздің мерекеміз жалғасады.
Тамиланың орындауында жеке нөмерде гимнастикалық этюд
Би «Жаңа жыл»
(жарқыраған оттықтармен)
Жүргізуші: Міне, осындай көңілді нотамен біздің қызықты саяхатымыз аяқталуға жақын, енді біз сыйлықтарымызда алуға аттанамыз. Жаңа жылдық құттықтауға балабақша меңгерушісі Гүлжахан Тоқташбайқызын шақырамыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив