03
февраль
2022
Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеру индикаторлары
Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеру индикаторлары
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас) | |
«Денсаулық» білім беру саласы | |
Дене шынықтыру | |
2-3-Д.1 | ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады; |
2-3-Д.2 | негізгі қимылдардың түрлерін игерген; |
2-3-Д.3 | спорттық жаттығуларды орындаудың алғашқы техникасы туралы түсініктерге ие; |
2-3-Д.4 | жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген; |
2-3-Д.5 | шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және сақтайды. |
«Коммуникация» білім беру саласы | |
сөйлеуді дамыту; көркем әдебиет. | |
сөйлеуді дамыту | |
2-3-К.1 | тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады; |
2-3-К.2 | 2 адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады; |
2-3-К.3 | берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді; |
2-3-К.4 | жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды |
Көркем әдебиет | |
2-3-К.5 | тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген; |
2-3-К.6 | қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі |
2-3-К.7 | шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі; |
2-3-К.8 | жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды; 2-3-К.9 кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады. |
2-3-К.9 | кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады. |
«Таным» білім беру саласы | |
сенсорика; құрастыру; жаратылыстану. Сенсорика | |
2-3-Т.1 | 2-3-Т.1 үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады; |
2-3-Т.2 | қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген; |
2-3-Т.3 | ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады; |
2-3-Т.4 | түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады. |
Құрастыру | |
2-3-Т.5 құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады; | |
2-3-Т.6 | заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады; |
2-3-Т.7 | құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген; |
2-3-Т.8 | құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады. |
Жаратылыстану | |
2-3-Т.9 | көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады; |
2-3-Т.10 | жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады; |
2-3-Т.11 | аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады; |
2-3-Т.12 | табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды. |
«Шығармашылық» білім беру саласы | |
сурет салу; мүсіндеу; аппликация; музыка. | |
сурет салу | |
2-3-Ш.1 | дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады; |
2-3-Ш.2 | қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен); |
2-3-Ш.3 | түстерді ажыратады және дұрыс атайды; |
2-3-Ш.4 | өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады. |
мүсіндеу; | |
2-3-Ш.5 | сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі; |
2-3-Ш.6 | сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие; |
2-3-Ш.7 | мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады); |
2-3-Ш.8 | бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді. |
Аппликация | |
2-3-Ш.9 | қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады; |
2-3-Ш.10 | фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады; |
2-3-Ш.11 | орындалған жұмысқа қуанады. |
Музыка | |
2-3-Ш.12 | музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады; |
2-3-Ш.13 | музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл- күйін білдіреді; |
2-3-Ш.14 | әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды); |
2-3-Ш.15 | қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады); |
2-3-Ш.16 | музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды; |
2-3-Ш.17 | кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ). |